Close

Хабарландырулар

Бос лауазымдарға орналасу конкурсы

2025 жылғы 28 қарашада Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК «Атом энергиясы институты» филиалы бос лауазымдарға орналасу конкурсын жариялады:

сутегі және плазмалық технологиялар зертханасының (251 зертхана) бастығы

Біліктілікке қойылатын талаптар:

  • Кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.
  • Философия докторы немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі.
  • Ғылыми және ұйымдастырушылық жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес.
  • Зертхана жұмысының бейіні бойынша нөлдік емес импакт-факторы бар рейтингтік отандық және шетелдік басылымдарда ғылыми еңбектердің болуы.
  • Эксперименттік зерттеулер жүргізу, техникалық дайындықты бақылау.

Кәсіби дағдылары:

  • Өлшеу аспаптарының жұмысын бақылау.
  • Зертхана жұмысының бейіні бойынша эксперименттік жұмыстар мен зерттеулер жүргізу.
  • Еңбек тәртібі, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын бақылау.
  • Өндірістің техникалық дайындығын бақылау.

Жеке қасиеттері:

  • Жауапкершілік.
  • Тез шешім қабылдай білу.
  • Командада жұмыс істей білу.
  • Ұқыптылық.

Конкурсқа қатысу үшін 2025 жылғы 12 желтоқсанға дейін ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының ғылыми хатшысына келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  • Конкурстық комиссияға конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы өтініш;
  • Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы дипломның көшірмесі (бар болса);
  • Соңғы жұмыс орнынан мінездеме (ұсыным) (бар болса);
  • Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  • Түйіндеме;
  • Ғылыми еңбектердің тізімі (н2.3-нысан).

Байланыс деректері: yerygina@nnc.kz

Н.Е. Мухамедовтың еңбектерінің тізімі және анықтама

Р.А. Иркимбековтың еңбектерінің тізімі және анықтама

Б.Ж. Чектыбаевтың еңбектерінің тізімі және анықтама