ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МАТЕРИАЛТАНУ ТЕРМОЯДРОЛЫҚ КТМ РЕАКТОРЫН ҚҰРУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАРҒА ҚАТЫСУ
2017 жылы іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізілді және КТМ токамагінің физикалық іске қосудың бірінші кезеңі іске асырылды, 2020 жылы – КТМ кешенін пайдалануға тапсыру.
Қазіргі уақытта зерттеулер жүргізіледі:
- КТМ токамагінің плазмалық бауын қалыптастыру процессін және оның номиналды параметрларына шығуы;
- Плазмалық-шоқ қондырғысымен еліктеулі стендте материалдармен КТМ плазмасымен өзара әрекеттесуін зерттеу үшін әдістемелік базасын жетілдіру бойынша;
- КТМ токамагінің плазма параметрларын анықтау үшін физикалық диагностиктердің және әдістемелердің кешенін дайындау бойынша;
- Ваккумдық стендте бекітілген ИҚ камера
- Қыздырғышы бар ваккумдық стенд
- КТМ токамагінде тестілеу уақытындағы ИҚ камерасы
Ваккумдық стендте үлгіні 500 ºС қыздыру кезінде ИКВ температуралық өлшемдері
- графит (графиттің қаралық дәрежесі ρ=0,95 қабылданды)
- вольфрам (вольфрамның қаралық дәрежесі ρ=0,4 қабылданды)
- бериллий (берилийдің қаралық дәрежесі ρ=0,35 қабылданды)
- есептік әдістер мен плазманы модельдеудің есептік кодтарының көмегімен КТМ-да эксперименттердің ілесіп жүруін қамтамасыз ету бойынша;
- КТМ токамагі плазмасын қыздыру және әуелгі ионизациялау ЖЖ, АЖЖ –әдістерін дайындау, сынау және жетілдіру бойынша;
- КТМ токамагында құрастырылған әуелгі ионизациялау жүйесі
- КТМ токамагінің ваккумдық камерасында тороидальдық орамда 13кА ток, қалдық қысым 8•10-5 тор және АЖЖ-сәулелендіру қуаты 30 кВт аргон атомдарының ионизациясы (резонанс радиусы шамамен 0,6 м)
- капиллярлық-кеуектік жүйенің негізінде литий дивертор макеті жұмысының режимдерін сынау және жетілдіру бойынша; КТМ плазмасының литиймен өзара әрекеттесуін және оған реакторлық сәулелендірудің өзара әрекеттесуінің әсері;
- плазманың және зарядталған бөлшектермен сәулелендірудің тозаңға айналдыруы және бетінің жылу эрозиясына, газды қоспаларды жинау және термоядролық реактордың (ТЯР) бірінші қабырғасын қорғау келешек материалдарының механикалық қасиеттерін өзгерту;
- аустениттік тоттанбайтын болаттардың механикалық қасиеттеріне және құрылымдылық фазалық айналыстарға нейтрондармен және зарядталған бөлшектермен сәулелендіру кезінде ішкі кернеулердің радиациялық-индукцияланған градиенттердің әсері бойынша;
- плазмалық баудың үзілу нәтижесінде болатын КТМ токамагінің кандидаттық материалдардың беттерімен плазманың өзара әрекеттесуі бойынша;
- бірінші қабырға материалдарымен сутегі изотоптарын ұстау заңдылығы бойынша;
- плазманың, сутегі иондары мен гелийдің КТМ материалдарының бетүсті және көлемді қабаттарына әсер ету ықпалын эксперименттік және теориялық зерттеулері.
- Литий диверторының макеті
КТМ токамагын бірлесе пайдалану туралы ТМД Үкіметаралық келісім аясында қазақстандық материалтану токамагында ғылыми зерттеулер бағдарламасы әзірленді, оған келесілер енеді:
- Плазма физикасы бойынша зерттеулер жүргізу;
- Плазманың бірінші қабырғасы және келешек термоядролық реакторлардың диверторының материалдарымен өзара әрекетесу физикасы бойынша зерттеулер жүргізілді;
- Плазма-қабырғаның өзара әрекеттесу процесстерін зерттеу үшін диагностиканы құру және сынау;
- Келешек термоядролық реакторлардың конструкциялық және функционалды материалдарының материалтану зерттеулері;
- Жаңа инновациялық технологияларды зерттеу және іске асыру: «КТМ литий дивертор макеті жұмысының режимдерін жетілдіру»;
- Автоматтандыру, басқару және деректерді жинау жүйесін дамыту, есептік кодтарды эксперименттік тексеру.