Close

04.06.2019

ЯМ, ИСК, РЗ, РАҚ ТАСЫМАЛДАУ

Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәулеленудің радиоизотопты көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау.

 ҚР ЭМ АЭҚБК 29.01.2020 жылғы № 20001655 «Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәулеленудің радиоактивті көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда,  Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау» лицензиясы:

  • Радиоактивті заттарды тасымалдау
    • Құрамында торий бар заттар
    • Құрамында уран бар заттар
  • Иондаушы сәулеленудің радиоизотопты көздерін тасымалдау
    • Жабық радионуклидті көздер
  • Радиоактивті қалдықтарды тасымалдау
    • Белсенділігі төмен радиоактивті қалдықтардан
    • Орташа белсенді радиоактивті қалдықтар
  • Ядролық материалдарды тасымалдау
    • Ядролық материалдар

«Атом энергиясы институты» филиалы Көліктік бақылау орталығының тасымалдауды сүйемелдеуін қамтамасыз ете отырып, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша арнайы автомобиль көлігімен ядролық материалдарды тасымалдау бойынша қызметтер көрсетеді.

Жұмыс тәжірибесі:

  • ИВГ.1М, ИРГИТ және РА реакторының жоғары байытылған отынын Ресей Федерациясына тасымалдау;
  • Маңғыстау облысының Ақтау қаласынан БН-350 реакторының пайдаланылған ядролық отынын Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласындағы «Байкал-1» ЗРК ұзақ уақыт сақтау алаңына тасымалдау;
  • ИСК-ні Шымкент қаласының маңында орналасқан «Шымкентфосфор» зауытынан Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласындағы «Байкал-1» ЗРК сақтау орнына тасымалдау;
  • РАҚ-ты 65476 әскери бөлімінің бұрынғы арсеналынан (Қарағанды облысының Токрау кенті) Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласындағы «Байкал-1» ЗРК сақтау орнына тасымалдау;
  • РАҚ Шығыс Қазақстан облысының Первомайский кентіндегі бұрынғы Ертіс химия-металлургия зауытынан Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласындағы «Байкал-1» ЗРК сақтау орнына тасымалдау;
  • ядролық қызмет қалдықтарын (ластанған топырақты) бұрынғы Семей сынақ полигонынан Шығыс қазақстан облысы Курчатов қаласындағы «Байкал-1» ЗРК сақтау орнына тасымалдау.

Байланыстар:

071100, Қазақстан Республикасы, Шығыс-Қазақстан облысы, Курчатов қ., Бейбіт атом көш., 10, тел.: (722-51) 3-35-49, факс: (722-51) 3-31-25, е-mail: iae@nnc.kz;

ҚР ҰЯО РМК АЭИ ядролық және өндірістік-техникалық объектілерін радиациялық бақылау бөлімінің бастығы Избасханова Алия Турсуновна, тел.: (722-51) 3-35-49, ішкі 44-36, e-mail: izbaskhanova@nnc.kz;

ҚР ҰЯО РМК АЭИ автоколонна бастығы – Волков Алексей Владимирович, тел:, (722-51) 3-35-49, іш. 41-30, факс: (722-51) 3-31-25, е-mail: Volkov@nnc.kz.