ЯДРОЛЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРДІҢ МОНИТОРИНГІ
Ядролық объектілер мониторингін орындайтын, ҚР ҰЯО АЭИ радиациялық зерттеулер зертханасы, оған келесі телімдер енеді: дайындық, радиохимиялық, радиометриялық және спектрометриялық. Барлық жайлар ИСК-мен ашық түрде жұмыстарды жүргізу үшін аттестацияланған.
Зертханамен шешілетін негізгі міндеттері:
- ядролық отыннан шығатын түрлі композициядағы бөлінетін өнімдерінің шығысын зерттеу;
- институттың эксперименттік базасында альфа-спектрометрлік, радиометрлік және нейтрондық-активациялық талдаулар әдістемелерін жетілдіру;
- эксперименттік құрылғыларын әзірлеу және штаттық реакторлық технологиялық жүйелердің жобаларын негіздеуде олардың сынақтарын жүргізу;
- институттың стенд базасының радиациялық мониторингін жүргізу;
- кәсіпорынның қондырғыларында және реакторларында сынақтарды радиациялық-қауіпсіз жүргізу шарттарын талдау және апаттық жағдайлардың ықтимал радиациялық нәтижелерін болжау.
- Радиохимиялық телім
- Альфа-спектрометрі CANBERRA
- Бета-радиометрі УМФ-1500М
- Дала жұмыстары
- «Пурга» криогендік сынама алғыш
Ауа сынамаларын іріктеу үшін зертханада талданатын ауаның құрамындағы (сутегі мен гелийден басқалары) түрлі радиобелсенді және радиобелсенді емес қоспалы фракциялардың барлық газды-аэрозольдық формалардың сынамаларын іріктеуге арналған «ПУРГА-К» криогендік сынама алғаш құрылғысы бар. Зертхана мамандары келесі жұмыстарға қатысады:
- Чернобыль АЭС апатты жою
- шахталық іске қосу қондырғыларының алаңдарын зерттеу
- ЕХМЗ РҚКП зерттеу
- ИСК табылған есептелмеген көздерін сәйкестендіру.