ИВГ.1М реакторы
ИВГ.1М суды салқындататын реактор 1990 жылы ЯЗҚ ЖШЖ және твэлдерді бастапқыда сынауға арналған және 1975 жылы пайдалануға енгізілген ИВГ.1 жоғары температуралық газды салқындататын реакторын жаңарту нәтижесінде құрылды. Жаңарту барысында реактордың газды салқындататын белсенді аумағы суды салқындататынға ауыстырылды.
ИВГ.1М реакторының техникалық сипаттамалары
- Жобалық жылу қуаты ……………………….. 72 МВт
- Белсенді аумақтың тиімді диаметрі …………..548 мм
- Белсенді аумақтың биіктігі ………………………… 800 мм
- Белсенді аумақта уран -235 саны ………….. 4,6 кг
- Жылу нейтрондардың ағын тығыздығы ………… 3,5х1014 н/см2с
- Реактор арқылы судың шығыны ………………….. 380 кг/с дейін
- Реактордан шығатын судың максимальды температурасы ……………………………………. 95°С
Сынақтардың негізгі мөлшері (ЯЗД тақырыбы бойынша) түрлі конструкциялық модификацияның технологиялық каналдарымен жинақталған төрт тәжірибелік белсенді аумақ сыналған ИВГ.1 реакторында орындалған.
Алынған нәтижелер ЯЗҚ штаттық твэлдердің жоғары жұмысқа қабылеттілігі туралы куәландырады (тұтастығын толық сақтау және твэлдердің бастапқы беріктігін толық сақтау).
Қазіргі уақытта ИВГ.1М реакторында жүргізілетін зерттеулердің негізгі бағыттары:
- «Лиана» стендінде реакторлық сәулелендіру процессінде конструкциялық материалдарда сутегі изотоптарын жинақтау және өтімділік параметрларын зерттеу;
- апаттық жағдайларды модельдеу жағдайларында термоядролық реактордың бірінші қабырғасының материалдарының беталысын зерттеу;
- биологиялық объектілерге радиациялық әсер етуді модельдеу;
- төмен байытылған отынға және басқаларға ИВГ.1М конверсиясы бойынша жұмыстар.
- ИВГ.1М реактордың орталық каналына ампульдік қондырғыны жүктеу
- «Лиана» стенді
- Жердегі ядролық жарылыстан кейін жанды ағзаларын радиациялық зақымдануды модельдеу үшін тәжірибе жүргізілетін аңдары бар контейнеріне ИВГ.1М реакторында сәулеленген марганец диоксидінің ұнтағын тозаңға айналдыру
- ИВГ.1М реакторында активтенген марганец диоксидінің есебінен оларды сәулелендіру дәрежесін бағалау үшін тәжірибе жүргізілетін аңдары бар контейнердің химиялық боксынан алу