Close

23.01.2019

ИГР РЕАКТОРЫ

ИГР импульстік зерттеу реакторы – жылу нейтрондарындағы өзін-өзі сөндіретін уран-графитті біртекті реактор болып табылады. 1958 жылы құрылған. 1960 жылы физикалық іске қосу жүргізіліп, реактор пайдалануға берілді.

Үлкен интегралды қуатты импульстік реакторлардың ішінде ИГР реакторы диаметрі 228 мм және биіктігі 3825 мм эксперименттік каналдағы жылу нейтрондарының ең жоғары флюенсіне ие.

ИГР реакторының техникалық сипаттамалары:

  • Жылу нейтрондар ағынының тығыздығы …………………………….……….…. 7×1016 н/см2 · с
  • Жылу нейтрондарының флюенсі…………………………….…………………………. 3,7×1016 н/см2
  • Импульстің минималды жартылай ені……………………………………………… 0,12 с
  • Орталық эксперименттік арнаның диаметрі/ұзындығы ………………… 0,228 /3,825 м

ИГР реакторында орындалған аса маңызды көп жылдық ғылыми-техникалық бағдарламалар шеңберінде зерттелді:

– ядролық зымыран қозғалтқышының (ЯЗҚ) модельдік твэлдерінің және ЖБҚ сипаттамалары;

– электронды аппаратура мен ғарыштық және әуе ұшу аппараттарының автоматика элементтерінің радиациялық тұрақтылығы;

– ЯЗҚ жердегі прототиптерді іске қосу режимдері;

– 5 βэфф дейінгі реактивтіліктегі реакторлардың әрекеті;

– импульстік реакторларды реттеу жүйелерінің сипаттамалары;

– оның көзі болып табылатын компоненттік құрамы әртүрлі отынның бөлу өнімдерінің газды контурларда шығуы және шөгуі;

– ғарыштық, көліктік, зерттеушілік және энергетикалық – мақсаттағы түрлі твэлдермен ЖБҚ жұмыс істеу шектері.

Реакторлық залдың қоймасына бұйымдарды жүктеуМодельлық ТВЭЛЛы

Сипаттамалардың бірегей үйлесіміне ие бола отырып, ИГР реакторы қазіргі уақытта экстремалды жағдайларда реакторлық отынды сынауды жүргізу үшін ерекше талап етілетін және ядролық техника объектілерінің динамикалық сынақтарына байланысты міндеттерді шешу үшін әлемдегі ең үздік құралдардың бірі болып қала береді. Осы түрдегі сынақтардың нәтижелері өтпелі және апаттық жұмыс режимдеріндегі отынның әрекеті туралы эксперименттік мәліметтерді алудың тікелей және ең қолайлы әдісі болып табылады.