Close

Хабарландырулар

Бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурс

2025 жылғы 28 мамырда ҚР Энергетика министрлігінің «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК «Атом энергиясы институты» филиалы бос лауазымдарға орналасу конкурсын жариялайды:

эксперименттік жылу физикасы зертханасының бастығы (242 зертхана)

Біліктілікке қойылатын талаптар:

  • Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.
  • Философия докторы немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі.
  • Басшылық лауазымдағы ғылыми және ұйымдастырушылық жұмыс тәжірибесі (ғылыми қызметкер, топ жетекшісі, зертхана бастығының орынбасары және т.б.) 5 жылдан кем емес.
  • Зертхана жұмысының бейіні бойынша нөлдік емес импакт-факторы бар рейтингтік отандық және шетелдік басылымдарда ғылыми еңбектердің болуы.
  • Бұйымдар мен олардың тораптарының гидравликалық және газдинамикалық сипаттамаларына эксперименттік зерттеулер жүргізу.

Кәсіби дағдылар:

  • Өлшеу аспаптарының жұмысын бақылау.
  • Эксперименттік жұмыстар мен зерттеулер жүргізу.
  • Еңбек тәртібі, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын бақылау.
  • Өндірістің техникалық дайындығын бақылау.

Жеке қасиеттер:

  • Жауапкершілік.
  • Тез шешім қабылдай білу.
  • Командада жұмыс істей білу.
  • Тәртіптілік.

Конкурсқа қатысу үшін 2025 жылғы 11 маусымға дейін ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының ғылыми хатшысына келесі құжаттарды тапсыру қажет:

  • Конкурстық комиссияға конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы өтініш;
  • Қосымшасымен бірге жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы дипломның көшірмесі (бар болса);
  • Соңғы жұмыс орнынан мінездеме (ұсыным) (бар болса);
  • Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  • Түйіндеме;
  • Ғылыми еңбектерінің тізімі (ф2.3 нысаны).

Байланыс деректері: yerygina@nnc.kz

 

Н.Е. Мухамедовтың еңбектерінің тізімі және анықтама

Р.А. Иркимбековтың еңбектерінің тізімі және анықтама

Б.Ж. Чектыбаевтың еңбектерінің тізімі және анықтама