Close

18.02.2022

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАЛАМАЛЫ ЭНЕРГЕТИКАНЫ ДАМЫТУ ҮШІН СУТЕГІН ӨНДІРУ ЖӘНЕ САҚТАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ӘЗІРЛЕУ

Қазіргі уақытта бүкіл әлемде сутегі энергетикасына жаһандық көшуге ғылыми, аспаптық және технологиялық аспектілерде қызығушылықтың артуы байқалады, онда негізгі сәттер сутекті өндіру, сақтау, тасымалдау және алу технологиялары болып табылады.

ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалында «Қазақстан Ресубликасында балама энергетиканы дамыту үшін сутегін өндіру және сақтау технологияларын әзірлеу» (ҚР БҒМ БМҚ, 2021-2023 жылдар) және «Титанның орторомбты алюминийі негізінде қорытпалар қасиеттерінің кешенін қалыптастыруға термиялық өңдеудің түрлі температуралық-уақыттық параметрлерінің әсерін зерттеу» (ҚР ЭМ ҒТЖ, 2021-2023 жылдар) тақырыптары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

ҚР БҒМ ЖМҚ тақырыбы шеңберінде қазіргі заманғы эксперименталдық-зерттеу кешені әзірленетін болады, плазмалық әдістердің негізінде сутегі алудың жаңа тәсілі алынды (сурет).

Сутегі алу бойынша қолданбалы зерттеулерге арналған қондырғы

Қондырғының негізін сфералық аналитикалық камера (сфера диаметрі – 450 мм, фланецтермен қосылатын биіктігі – 600 мм) және толқынжолы (ұзындығы 500 мм, биіктігі 200 мм) бар АЖЖ генератор құрайды. Аналитикалық камерада сору жылдамдығы 250 ж/к (ТМН-250 типті) турбомолекулалық сорғы негізінде тәуелсіз сору жүйесі және вакуумдық-бекіту арматурасының тиімді жтынтығы бар. 

ҚР ЭМ ҒТБ тақырыбы шеңберінде сутекті сақтауға арналған сорбциялық материал болып табылатын Ti2AlNb титанның орторомбтық алюминийі негізіндегі қорытпалардың құрылымдылық-фазалық жай-күйі мен физикалық-механикалық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын, сондай-ақ олардың пайдалану қасиеттерінің тұрақтылығына термоциклдік процестердің әсері айқындалады.