1984 жылы Мәскеу инженерлік-физикалық институтын бітірді, Мәскеу қ., Ресей. 1995 жылы АҚШ Сауда министрлігінің Уортон бизнес және экономика мектебін бітірді, Вашингтон қ., АҚШ. 1996 жылы Гарвард бизнес мектебінің Калифорния мемлекеттік университетінің бизнесті стратегиялық басқару курсын өтті, Калифорния штаты, АҚШ.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының физика-математика ғылымдарының докторы, профессоры, академигі, Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының академигі, Семей сынақ полигонын конверсиялау туралы мәселелер бойынша сарапшы, көпжақты ядролық қарусыздану процессін бақылау (верификациялау) саласында БҰҰ Бас хатшысының үкіметтік сарапшылар-кеңесшілер тобының мүшесі, Қазақстан Республикасының атынан FNCA (Азиядағы ядролық кооперация форумы) координаторы, Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымындағы (ЯСЖТШҰ) жұмыс тобының төрағасы.
Өнертабыстар мен пайдалы модельдерге арналған 7 авторлық куәлігі мен инновациялық патенті бар. Халықаралық ғылыми конференцияларда 200-ден астам ғылыми мақалалар мен баяндамалардың авторы және бірлескен авторы болып табылады, олардың 40-тан астамы Thomson Reuters (Web of Science) Халықаралық деректер базасына кіретін халықаралық рейтингтік басылымдарда жарияланған.
Ғылыми қызығушылық саласы: атом энергетикасының қауіпсіздігі саласындағы зерттеулер, радиациялық материалтану саласындағы зерттеулер, жаңа материалдарды алудың технологиялық негіздерін әзірлеу.
2000 жылы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетін (ШҚО, Өскемен қ.) «Физика» мамандығы бойынша бітірді, біліктілігі «инженер-физик». 2009 жылы ЛИНК ХМИ Ашық университетінің «Менеджмент» мамандығы бойынша дипломын алды. 2017 жылы ТПҰЗУ-дың аспирантурасын бітірді және техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. 2018 жылы нострификация рәсімінен өтті, нәтижесінде «Физика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді. 70-тен астам жарияланған ғылыми жұмыстардың авторы және бірлескен авторы болып табылады, өнертабыстар мен пайдалы модельдерге арналған 5 патенті бар.
Ғылыми қызығушылық саласы: радиациялық материалтану саласындағы зерттеулер, ядролық реакторлардың қауіпсіздігі саласындағы зерттеулер, жаңа материалдарды алудың технологиялық негіздерін әзірлеу.
1999 ж. «Семей» мемлекеттік университетінің жаратылыстану ғылымдары факультетін «физика» мамандағы бойынша аяқтады, біліктілігі «физик, физика мұғалімі», практикалық мамандануы «физик зерттеуші». 2013 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің магистратурасына «техникалық физика» мамандығы бойынша түсті. 2015 жылы магистратураны аяқтағаннан кейін техника ғылымдарының магистрі дәрежесі берілді. 40-тан астам жарияланған ғылыми жұмыстардың авторы және бірлескен авторы болып табылады, өнертабыстар мен пайдалы модельдерге арналған 3 патенті бар.
Ғылыми қызығушылық саласы: радиациялық материалтану саласындағы зерттеулер, жаңа материалдарды алудың технологиялық негіздерін әзірлеу.
2000 жылы Томск политехникалық университетін «ядролық реакторлар және энергетикалық қондырғылар» мамандағы, «инфенер-физик» біліктілігі бойынша аяқтағаннан кейін ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалына жұмысқа қабылданды. 2017 жылы ТПҰЗУ аспирантурасына «Конденстелген күй физикасы» мамандығы бойынша түсті. 50-ден астам жарияланған ғылыми жұмыстардың авторы және бірлескен авторы болып табылады.
Ғылыми қызығушылық саласы: ядролық және термоядролық реакторлардың материалдарын кешенді зерттеу, атом энергетикасының қауіпсіздігі саласындағы зерттеулер, нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеу және реакторлар мен эксперименттік қондырғыларды пайдалану практикасына енгізу.
2000 жылы Томск басқару және радиоэлектроника жүйелері университетін (Томск қ.) «Өнеркәсіптік электроника» мамандығы бойынша бітірді, біліктілігі «инженер-электроник». 2009 жылы ЛИНК ХМИ Ашық университетінің «Менеджмент» мамандығы бойынша дипломын алды. 2013 жылы ТПҰЗУ-дың аспирантурасын аяқтады және техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. 2017 жылы нострификация рәсімінен өтті, нәтижесінде «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді. 30-дан астам жарияланған ғылыми жұмыстардың авторы және бірлескен авторы болып табылады.
Ғылыми қызығушылық саласы: технологиялық процестерді автоматтандыру, ақпараттық қауіпсіздік.