Сіздерді көктемгі жаңару – Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!
Оянған көктемнің әр күні сіздің үйіңізге игілік пен бақ-береке әкелуін шын жүректен тілейміз. Осы тамаша мереке достық, қонақжайлылық, өзара құрмет пен түсіністік байланыстарын нығайта берсін! Отбасыларыңызға бейбітшілік пен бақыт тілейміз!
«Ақыл мен Атом» — «Тілім – тірегім» зияткерлік сайысында бірінші орынға ие болды!
11 қыркүйекте Курчатов қаласының Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тілдер күніне орайластырылған «Тілім – тірегім» зияткерлік байқауы өтті. Жарыс нәтижесі бойынша ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының «Ақыл мен Атом» командасы сенімді жеңіске жетіп, 1-ші орынды иеленді. Әріптестерімізді осы табыспен шын жүректен құттықтаймыз және ҚР ҰЯО РМК-ны зияткерлік сайыста көрсеткені үшін алғыс айтамыз!
Антитеррор
Кандидаттық диссертацияны қорғауымен құттықтаймыз.
2023 жылғы 19 шілдеде сағат 16:00-де «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ жанындағы диссертациялық кеңестің кезекті отырысында Валентин Константинович Цхэ философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін 6D072300 – «Техникалық физика» мамандығы бойынша «Кориум алудың реакторлық әдісін әзірлеу және оның құрылымдық-фазалық жай-күйі мен механикалық қасиеттерін зерттеу» тақырыбы бойынша диссертацияны сәтті қорғаудан өтті. Диссертациялық жұмыс […]