Close

29.04.2026

ҚР ҰЯО АЭИ филиалында Шәкәрім атындағы университеттің студенттерімен кездесу өтті

Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің атом саласының кадрлық резервін қалыптастыру үшін студенттермен және бейінді жоғары оқу орындарының түлектерімен жұмысты күшейтуге бағытталған тапсырмасы шеңберінде «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК «Атом энергиясы институты» филиалында «Шәкәрім университеті» КЕАҚ (Семей қ.) студенттерімен кездесу өтті.

Іс-шара барысында Қытай Халық Республикасының білім беру бағдарламалары, оның ішінде «Атом энергетикасы» бағыты бойынша Қытайдың мемлекеттік стипендиялық бағдарламасы (AES) және Цинхуа Университетінің ядролық инженерия және басқару жөніндегі халықаралық магистрлік бағдарламасы (TUNEM) таныстырылды.

Кездесуге қатысушыларға оқудың негізгі шарттары, кандидаттарға қойылатын талаптар және атом саласындағы одан әрі кәсіби даму перспективалары түсіндірілді.