Close

12.04.2021

Құрметті әріптестер!

12 сәуірде Қазақстанда ғылым қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді. Ол Республика Президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы №164 Жарлығымен бекітілген.

Мереке күні кездейсоқ таңдалған жоқ. Бұл күн Қазақстанда ғылыми қызметті ұйымдастырудың бастауында тұрған адамның туған күнімен байланысты. Әңгіме Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш президенті – академик Қ.И. Сәтбаев туралы болып отыр. Бұл адам бүкіл өмірін ғылымға және өз Республикасында ғылымның дамуына арнады. Оның туған күніне орай Қазақстанда ғылым қызметкерлері күнін атап өту орайластырылды.

 

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз!
Жаңашыл идеялар, жарқын жетістіктер, денсаулық, амандық, лайықты марапаттар мен құрметтер тілейміз!