Close

21.07.2023

Кандидаттық диссертацияны қорғауымен құттықтаймыз.

2023 жылғы 19 шілдеде сағат 16:00-де «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ жанындағы диссертациялық кеңестің кезекті отырысында Валентин Константинович Цхэ философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін 6D072300 – «Техникалық физика» мамандығы бойынша «Кориум алудың реакторлық әдісін әзірлеу және оның құрылымдық-фазалық жай-күйі мен механикалық қасиеттерін зерттеу» тақырыбы бойынша диссертацияны сәтті қорғаудан  өтті.

Диссертациялық жұмыс «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ-ның физика кафедрасында орындалды.

Ғылыми консультанттары:

Мажын Канапинович Скаков – физика-математикалық ғылымдарының докторы, ҚазҰЖТҒ академигі, Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының бас ғылыми қызметкері, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің профессоры, Өскемен қаласы, Қазақстан Республикасы;

Александр Васильевич Градобоев – техникалық ғылымдарының докторы, Ұлттық зерттеу Томск политехникалық университетінің эксперименттік физика бөлімінің профессоры, Томск қ., Рессей Федерациясы;

Нуржан Еролович Мухамедов – PhD, Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының «Атом энергиясы институты» филиалының зертхана бастығы, Курчатов қ., Қазақстан Республикасы;

Ресми рецензенттері:

Асет Абдуллаевич Шаймерденов – PhD, атом энергиясы мәселелері зертханасының меңгерушісі, «Ядролық физика институты» РМК, Алматы қ., Қазақстан Республикасы (мамандығының шифры: 6D060500 – Ядролық физика);

Жулдыз Болаткызы Сагдолдина – PhD, қауымдастырылған профессор, «С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Беттік инженерия және трибология» ғылыми-зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері, Өскемен қаласы, Қазақстан Республикасы (мамандығының шифры: 6D072300 – Техникалық физика).

Әріптесімізді табысты қорғаумен құттықтаймыз және жаңа ғылыми жетістіктер тілейміз!