Close

14.10.2022

RRRFR БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН ИГР РЕАКТОРЫНЫҢ ЖАНАРМАЙЫН СҰЙЫЛТУ БОЙЫНША ТОЛЫҚ АУҚЫМДЫ ЭКСПЕРИМЕНТТЕР

Battelle Energy Alliance LLC (Bea, LLC) келісімшартына, сондай-ақ жоғары байытылған уранды жою жолымен ядролық қатерді азайту және ядролық материалдарды таратпау жөніндегі Жаһандық бастамаға сәйкес өткізілетін ИГР зерттеу реакторын конверсиялау жөніндегі жұмыстар шеңберінде 2022 жылғы 10-13 қазанда ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалында ВЕА, LLC – Крис Гейнс (Ок-Риджская ұлттық зертханасы, АҚШ) және Кеннет Бейтман (Айдахо ұлттық зертханасы, АҚШ) өкілдерімен жұмыс кездесуі өткізілді.

Осы кезеңде ҚР ҰЯО-да әзірленген ИГР реакторының сәулеленген уран-графит отынын сұйылту және иммобилизациялау технологиясын пысықтау бойынша екі толық ауқымды эксперимент және RRRFR бағдарламасының жетекшісі – Большинский Игорь Матвеевичпен эксперименттер нәтижесі бойынша үш техникалық кеңес (онлайн-форматта) өткізілді.

Эксперименттердің мақсаты ұшпа күл және портландцемент негізінде матрицаны алу режимдерін пысықтау болды. Бұл жағдайда матрицаның қасиеттері физикалық-механикалық қасиеттері бойынша қажетті сипаттамаларға және сақтау ортасының өзгеруі жағдайында тұрақтылыққа сәйкес келуі керек.

Бірінші эксперимент әдістемелік сипатта болды – матрицаның компоненттерін араластыру режимдері жасалады. Екінші эксперимент ИГР реакторының жаңа, төмен байытылған уран-графит отынын қолдана отырып, сұйылту және иммобилизация технологиясы пысықталды. Алынған матрицаның жарамдылық критерилеріне сәйкестігін тексеру (беріктігі, құрылымының біркелкілігі, матрицаның көлемі бойынша отынның біркелкі таралуы және басқалары) кейінгі материалтану зерттеулерінде орындалатын болады.