Close

07.03.2023

8 Наурызбен!

Аяулы да ардақты ханымдар! Сіздерді көктемнің нәзіктік пен махаббат мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Әйел әрқашан халықтың ар – ожданы, ізгіліктің, нәзіктіктің және дархан көңілдің көрінісі болып келді және болып қалмақ, бүгінгі мереке оларға деген шынайы құрмет белгісі.
Әйел өзінің табиғатынан – ақ кішіпейілділіктің, жоғары адамгершіліктің және мейірімділіктің айнасы. Өмірлеріңіз гүлдей болсын, сүйікті де сүйкімді болыңыздар!  Сіздерге шынайы көңілмен зор денсаулық, отбасыларыңызға береке, молшылық тілейміз, әр таңдарыңыз арайлап атып, күндереңіз нұрға толсын!

Құрметпен, «ҚР ҰЯО РМК Атом энергиясы институты» филиалы
директорының бірінші орынбасары
В.В. Бакланов