Close

14.12.2021

Құрметті әріптестер!

Сізді еліміздің басты мерекелерінің бірі — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдегендей, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы – біздің көп ғасырлық мемлекеттілігіміздің тарихындағы айтулы белес, қазіргі Қазақстан шежіресіндегі маңызды шеп. Біз экономикасы мықты әрі беделді мемлекетке айналдық. Бұл, ең алдымен, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясаты мен барлық қазақстандықтардың қажырлы еңбегінің арқасында мүмкін болды.

Тәуелсіз Қазақстан алдына ауқымды міндеттер қойып отыр, олардың шешілуі мемлекеттің ұзақ мерзімді перспективалық даму векторын айқындайды.

Істеріңізге табыс, мықты денсаулық, ертеңге деген сенімділік пен бақыт тілейміз! Еліміз гүлденіп, көркейе берсін, әр үйде  келісім мен амандық болсын!

Құрметпен,
ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты»
филиалы директорының бірінші орынбасары
В.В. Бакланов