Close

24.04.2023

Ядролық криминалистика бойынша семинар

Ұлттық ядролық орталығының базасында «Қаөатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы мен Ядролық физика институты өкілдерінің қатысуымен ядролық криминалистиканың аналитикалық әдістерін қолдану бойынша ғылыми-практикалық семинар өтті.

Тәжірибе алмасу мақсатында қатысушылар ядролық материалдарды сәйкестендіру үшін Атом энергиясы институтының мамандары қолданатын ядролық криминалистика әдістерімен танысты. Сапар аясында қатысушылар құрамында уран бар белгісіз материалға бірлескен зертханалық зерттеулер жүргізді, зерттеу нәтижелеріне талдау жүргізілді және есепке алынбаған ядролық материал анықталған кезде тергеудің неғұрлым типтік сұрақтарына жауаптар тұжырымдалды.

Айта кетсек, Ұлттық ядролық орталық, «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы мен Ядролық физика институтының сарапшылары арасында тәжірибе алмасу бойынша осындай семинарлар мемлекеттік органдардың сұрақтарына неғұрлым толық жауап алу үшін ядролық және радиоактивті материалдардың әртүрлі түрлері үшін қолданылатын ядролық криминалистика әдістері туралы идеяны кеңейтіге мүмкіндік береді.