Close

07.04.2023

«Энергетикадағы материалтану саласындағы ынтымақтастық және кәсіби ғылыми кадрларды даярлау» дөңгелек үстелі

Қолданыстағы жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы келісімдер мен меморандумдарға сәйкес 2023 жылғы 04 сәуірде ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалында «Энергетикадағы материалтану саласындағы ынтымақтастық және кәсіби ғылыми кадрларды даярлау» тақырыбына дөңгелек үстел өтті. Кездесуге Қ.И. Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ, «Беткі инженерия және трибология» ғылыми зерттеу орталығы және                        «С. Аманжолов атындағы ШҚУ» КЕАҚ жанандағы Ұлттық ұжымдық пайдалану зертханасы, «Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ» КЕАҚ, «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КЕАҚ Электрохимиялық өндірістер технологиялары зертханасы, Шәкәрім атындағы универститеті КЕАҚ жанындағы техникалық физика және жылу энергетикасы кафедрасы мен «Материалдар бетінің модификациясы» ғылыми орталығы, «Ядролық технологиялар паркі» АҚ, «PlasmaScience» ғылыми орталығы, Композиттік материалдар орталығы қатысты. 

Кездесудің негізгі мақсаты академиялық, университеттік және өндірістік ғылымды интеграциялау, материалтану саласындағы ынтымақтастықты дамыту және кәсіби ғылыми кадрларды даярлау болды.

Күн тәртібіне сәйкес, дөңгелек үстелге қатысушылардың баяндамалары тыңдалып, ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының ЖОО-мен бірлесіп ҒЗЖ жүргізу және энергетикадағы материалтану міндеттерін шешу үшін қажетті мамандандырылған кадрларды даярлау саласындағы өзара іс-қимылының табысты тәжірибесі талқыланды. Іс-шара соңында қатысушылар бірлескен ғылыми қызметті дамыту мәселелерін талқылап, оларды шешу жолдарын анықтады.