Close

09.08.2023

Р ҰЯО РМК Азия елдері үшін JAEA кадрларды даярлау бағдарламасына қатысуы

ҚР ҰЯО мамандары тыңдаушы ретінде бірнеше жыл бойы ҚР ҰЯО мен Жапонияның атом энергиясы агенттігі (JAEA) арасындағы Атом саласы үшін кадрлар даярлау жөніндегі келісім шеңберінде Жапонияда өткізілетін «Реакторлық технологиялар» бағыты бойынша халықаралық оқу курсына қатысуда. Жапонияда оқығаннан кейін нұсқаушы сертификаттарын ала отырып, келесі кезеңде мамандар ҚР ҰЯО базасында оқыту курстарын ұйымдастырады және өткізеді. 

JAEA бұрын осы курстан тыңдаушы ретінде өткен және мамандығы бойынша тамаша теориялық және практикалық дайындықты, сондай-ақ ағылшын тілін білуді көрсеткен Азия елдерінен келген маманадарды шетелдік дәріскерлер ретінде Жапонияда халықаралық курстарға шақыруды белсенді қолданады. 

Биыл JAEA «Атом энергиясы институты» филиалының материалдарды термоядролық реактор жағдайларында сынау зертханасының бастығы А.Ж. Миниязовқа «Реакторлық технологиялар» бағыты бойынша оқыту курсына дәріскер ретінде қатысуды ұсынды, ол 2015 жылдан бастап қазақстандық оқу курстарын ұйымдастыру кезінде жауапты орындаушы болып табылады және осы бағыт бойынша JAEA-мен жұмысқа белсенді қатысуда, реакторлық материалтану бойынша дәріс курсын оқиды. 2017 жылы А.Ж. Миниязов Токай қаласында JAEA ұйымдастырған біліктілікті арттыру курсынан өтті.

Осыған байланысты, 2023 жылғы 1-3 тамыз аралығында А.Ж. Миниязов оқу курсына шақырылған шетелдік лектор ретінде қатысып, жапондық нұсқаушылар даярлау бағдарламасына қатысушы 8 елдің курс тыңдаушыларына дәріс оқыды. Іс-шара Жапонияның Токай қаласында JAEA оқу орталығының базасында өтті.

JAEA-ға сапар аясында оқу курсының үйлестірушісімен ағымдағы жылдың қазан айында жоспарланған ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалы базасында жыл сайынғы «Реакторлық технологиялар» оқу курсын ұйымдастыру және өткізу мәселелері талқыланды. Кәсіпорын қызметіне сәйкес курстың мазмұны мен дәрістердің және практикалық сабақтардың тізімі анықталды. Жапондық тарап өз дәрістерінің санын көбейтуге ниет білдірді және 3 жопондық маманның дәріскер ретінде қатысуын жоспарлады.

Жалпы, кадрларды даярлау шеңберіндегі бірлескен жұмыс тәжірибесі және JAEA-мен тығыз ынтымақтастық атом саласы үшін мамандар даярлау жүйесін дамытуға тұрақты үлесті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. JAEA-ның тікелей қатысуы ITC (нұсқаушыларды даярлау курсы) және AITC (ITC тереңдетілген курсы) жыл сайынғы курстарын өткізуде, оның ішінде біздің мамандардың шақырылған лекторлар ретінде қатысуында, сондай-ақ JAEA мамандарының ҚР ҰЯО РМК базасында жыл сайынғы курстарға лекторлар ретінде тікелей қатысуында көрінеді.