Close

31.03.2023

МАГАТЭ-нің Қазақстанның ядролық инфрақұрылымын кешенді шолу жөніндегі миссиясы (INIR).

Ағымдағы жылдың 28 наурызында Астана қаласында МАГАТЭ сарапшылары Қазақстанның ядролық инфрақұрылымын кешенді шолу (INIR) миссиясына кірісті.

Миссияның мақсаты МАГАТЭ-ның ядролық-энергетикалық бағдарламаны дамыту жөніндегі ұсынымдарына сәйкес елдің ядролық-энергетикалық инфрақұрылымының жай-күйін бағалау болып табылады. Бағалау болашақта атом энергиясын қауіпсіз, тұрақты және сенімді пайдалануды дамытуға көмектеседі.

МАГАТЭ миссиясымен ядролық инфрақұрылымды дамыту бөлімінің сарапшылары Мехмет Джейхан және Тибо Рейсет, сондай-ақ Ұлыбританиядан келген сыртқы сарапшы Стивен Мортин таныстырады.

Миссия жұмысына қазақстандық тарабынан – Энергетика министрлігі, Экология және табиғи ресурстар министрлігі, «Казатомөнеркәсіп» АҚ, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС, Ядролық физика институты және Ядролық технологиялар қауіпсіздігі ғылыми-техникалық орталығының өкілдері қатысады. Қатысушылар қатарына Ұлттық ядролық орталығының өкілдері де кірді: бас инженердің орынбасары Денис Борсович Зарва және ядролық қауіпсіздік және атом энергетикасын дамыту бөлімінің бастығы Виталий Алексеевич Поспелов.

Миссияның жұмысын 31 наурызға дейін аяқтау жоспарлануда.