Close

03.01.2024

Юрий Валентинович Понкратовты кандидаттық диссертациясын қорғауымен құттықтаймыз!

2023 жылғы 27 желтоқсанда физика-математика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін «Атом энергиясы институты» филиалының арнаішілік сынақтар зертханасы бастығының орынбасары Юрий Валентинович Понкратовтың диссертациясы сәтті қорғалды! Қорғау Томск политехникалық ұлттық зерттеу университетінің (Томск қ., РФ) жанындағы ДС.ТПУ.03 диссертациялық кеңесінің отырысында өтті. Юрий Валентиновичті «Нейтрондық сәулелену жағдайында сутегі изотоптарының сұйық литиймен өзара әрекеттесу процестерін эксперименттік зерттеу» тақырыбында кандидаттық диссертацияны сәтті қорғалуымен құттықтаймыз! Ғылым сияқты қиын салада өшпес ынта тілейміз! Жаңа биіктерге үнемі ұмтылыңыз, тілектеріңіз орындалсын, күш пен энергияңыз сарқылмасын. Зерттеңіз, маңызды мәселелерді шешудің жаңа ғылыми тәсілдерін табыңыз және әрқашан табысты және ізденімпаз адам болыңыз!

ҚР ҰЯО АЭИ филиалының ұжымы.