Close

03.02.2022

ПЛАЗМАЛЫҚ-ШОҚТЫ ҚОНДЫРҒЫСЫ БАР ИМИТАЦИЯЛЫҚ СТЕНД

Плазмалық-шоқты қондырғысы бар эксперименттік имитациялық стенд плазманың әсер етуі және жоғары жылу жүктемесі жағдайында термоядролық техниканың конструкциялық материалдарына сынақ жүргізуге арналған. Стендтің диагностикалық жабдығы плазманың бетімен өзара әрекеттесу процестерін және плазма физикасын зерттеуге мүмкіндік береді.

Техникалық сипаттамалары:

Электрон көзінің қуаты …………………………………..0 -30 кВт

Электрондық температура ……………………………. 0 – 15 эВ

Электрондардың энергиясы …………………………..0 – 20 кэВ

Электрондық сәуленің диаметрі ……………………..3-30 мм

Газдың максималды қысымы ………………………… <10-3 Торр

Плазма иондарының энергиясы ………………………0 – 2 кэВ

Иондық ағынның тығыздығы ………………………… 1022 м-2·с-1

Плазманың ең жоғары концентрациясы,

H2, D2 м-3 …………………………………………………………………. ~1·1018

He, N2, Ar, O2 м-3 ……………………………………………………… ~1·1018

Имитациялық стенд ерекше функционалдық мүмкіндіктерге ие, мысалы:

– нысана торабының салқындатылатын коллекторының ауданы бойынша электрондардың жылу ағынын таратуға мүмкіндік беретін электрондық сәулені жаймалау жүйесі;

– үлгінің температурасын сәулелендірілетін және сыртқы бетінің артқы жағынан салқындату және бақылау мүмкіндігі бар вакуумдық орындаудағы бірнеше нысандық құрылғылар;

– in situ режимінде термодесорбциялық талдау бойынша эксперименттік жұмыстар жүргізу үшін зерттелетін материалдарды бағдарламаланатын қыздыру жүйесі;

Плазмалық шоқты қондырғысы бар имитациялық стендте сутегі, дейтерий, гелий, аргон, азот, оттегі, ауа және газ қоспасын жұмыс газдары ретінде пайдалануға болады.

Зерттеудің негізгі бағыттары:

– плазмамен сәулелендіру және термиялық әсер ету кезінде термоядролық қондырғылардың конструкциялық материалдарының құрылымы мен қасиеттерінің өзгеру процестерін зерттеу;

– пайдалану сипаттамаларын жақсарту мақсатында материалдардың беткі қабатын түрлендіру;

– термоядролық қондырғылардың диагностикалық жабдықтарын әртүрлі газ ортасында плазма мен жылу жүктемесінің әсер етуі жағдайында сынау;

– төмен температуралы плазманың ТЯР диверторының қаптамасы және КТМ токамагы мен ТЯР бірінші қабырғасының материалдарымен өзара әрекеттесуін зерттеу.

– ТЯР конструкциялық материалдарының бетінде қорғаныс жабындарын алу;

– төмен температуралы плазманы диагностикалау әдістері мен құралдарын жетілдіру.