ЯМ, ИСК, РЗ, РАҚ ТАСЫМАЛДАУ
Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәулеленудің радиоизотопты көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау.
ҚР ЭМ АЭҚБК 29.01.2020 жылғы № 20001655 «Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәулеленудің радиоактивті көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау» лицензиясы:
- Радиоактивті заттарды тасымалдау
- Құрамында торий бар заттар
- Құрамында уран бар заттар
- Иондаушы сәулеленудің радиоизотопты көздерін тасымалдау
- Жабық радионуклидті көздер
- Радиоактивті қалдықтарды тасымалдау
- Белсенділігі төмен радиоактивті қалдықтардан
- Орташа белсенді радиоактивті қалдықтар
- Ядролық материалдарды тасымалдау
- Ядролық материалдар
«Атом энергиясы институты» филиалы Көліктік бақылау орталығының тасымалдауды сүйемелдеуін қамтамасыз ете отырып, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша арнайы автомобиль көлігімен ядролық материалдарды тасымалдау бойынша қызметтер көрсетеді.
Жұмыс тәжірибесі:
- ИВГ.1М, ИРГИТ және РА реакторының жоғары байытылған отынын Ресей Федерациясына тасымалдау;
- Маңғыстау облысының Ақтау қаласынан БН-350 реакторының пайдаланылған ядролық отынын Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласындағы «Байкал-1» ЗРК ұзақ уақыт сақтау алаңына тасымалдау;
- ИСК-ні Шымкент қаласының маңында орналасқан «Шымкентфосфор» зауытынан Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласындағы «Байкал-1» ЗРК сақтау орнына тасымалдау;
- РАҚ-ты 65476 әскери бөлімінің бұрынғы арсеналынан (Қарағанды облысының Токрау кенті) Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласындағы «Байкал-1» ЗРК сақтау орнына тасымалдау;
- РАҚ Шығыс Қазақстан облысының Первомайский кентіндегі бұрынғы Ертіс химия-металлургия зауытынан Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласындағы «Байкал-1» ЗРК сақтау орнына тасымалдау;
- ядролық қызмет қалдықтарын (ластанған топырақты) бұрынғы Семей сынақ полигонынан Шығыс қазақстан облысы Курчатов қаласындағы «Байкал-1» ЗРК сақтау орнына тасымалдау.
- FORD RANGER базасындағы арнайы автокөлік
- КАМАЗ 5308-6023-97 базасындағы арнайы автокөлік
- МАЗ 6303 базасындағы арнайы автокөлік
- УРАЛ 4320 базасындағы арнайы автокөлік
Байланыстар:
071100, Қазақстан Республикасы, Шығыс-Қазақстан облысы, Курчатов қ., Бейбіт атом көш., 10, тел.: (722-51) 3-35-49, факс: (722-51) 3-31-25, е-mail: iae@nnc.kz;
ҚР ҰЯО РМК АЭИ ядролық және өндірістік-техникалық объектілерін радиациялық бақылау бөлімінің бастығы Избасханова Алия Турсуновна, тел.: (722-51) 3-35-49, ішкі 44-36, e-mail: izbaskhanova@nnc.kz;
ҚР ҰЯО РМК АЭИ автоколонна бастығы – Волков Алексей Владимирович, тел:, (722-51) 3-35-49, іш. 41-30, факс: (722-51) 3-31-25, е-mail: Volkov@nnc.kz.