«Лава-Б» қондырғысында RT-11 эксперименті
MarubeniUtilityServices,Ltd. делдалдық кезінде ToshibaEnergySystems&SolutionsCorporation жапондық корпорациямен бірлесе орындалатын «Cormit-II»* халықаралық жобасын іске асыру аясында, 2020 жылдың 12 тамызында «Атом энергиясы институты» филиалының мамандарымен «Лава-Б» эксперименттік қондырғысында RT-11 экспериментінің дайындығы аяқталды және жүргізілді. Бұл алюминий тотығы мен цирконий тотығы екі типті қызуға берік материалдардың және кориум балқытпасының өзара әрекеттесуін зерттеу бойынша эксперименттердің топтамасынан кезекті ірі масштабты эксперименті. Эксперимент барысында электр балқыту пешінің (ЭБП) графит тиглінде индукциялық қыздырумен жұқарған уран диоксиді, металл йод цирконий таблеткаларынан және цирконий тотығы ұнтағынан шихтаның балқытпасы алынды. 2500 °С температурада алынған балқытпа цирконий тотығынан отқа төзімді блоктары бар бетон тұтқышына қотарылды. Модельдік кориумдағы қалдық энергия шығарылуы бетон тұтқышының айналасында индукциялық қыздырумен имитацияланды. Қазіргі уақытта пост эксперименттік іс-шаралар мен материалтану зерттеулері жүргізіледі, нәтижесінде балқытпа кориумының ішкі реакторлық жайлардың қорғау материалымен апат болған жағдайда реактор корпусының шегінен тыс балықтпаның шығуымен өзара әрекеттесу дәрежесі туралы деректер алынады.
* «Cormit-II» жобасы ауыр апат жағдайында қызуға берік материалдармен жеңіл сулы ядролық реактордың активтік аймағының (кориум) балқытылған материалдарының өзара ірекеттесуін зерттеуге бағытталған. Қазақстандық және жапондық мамандардың бірлескен жұмысы кориумда қалдық энергия шығарылуы имитация жағдайларында түрлі баяу балқитын материалдары бар (цирконий диоксиді және алюминий тотығы секілді) кориум контактісінің нәтижелерінің эксперименттік және материалтану зерттеулерінің топтамасын жүргізуде болады. Зерттеулердің барлық тәжірибелік бөлігі «Атом энергиясы институты» филиалының эксперименттік базасында жүргізіледі. Ірі масштабты эксперименттері «Ангара» стендінің «Лава-Б» қондырғысында, кіші масштабты – ЖЖГ-135 қондырғысында жүргізіледі. Барлық қондырғылар «Байкал-1» зерттеу реакторлар кешенінің аймағында орналасқан.