Close

12.08.2019

2019 жылдың 31.07 бастап 02.08 дейін EAGLE-3 бағдарламасы бойынша жапондық мамандардың сапары

EAGLE-3 жобасы аясында 31 шілдеден бастап 02 тамызға дейінгі кезеңде Атом энергиясы институтында жапондық мамандармен 10-шы техникалық кездесу өтті. Техникалық кездесу аясында келесі мәселелер талқыланды:

  • EAGLE стендінің FDCO-7 экспериментіне дайындақ статусы.
  • ҒСО-3 реактордан тыс экспериментін жүргізу барысында қолданылған балқытпаны қайта құю сиымдылығына алда болатын материалтану зерттеулері.
  • ҒСО-2/1 реактордан тыс материалтану зерттеулерінің нәтижесі.
  • ІРСО топтамасының реактордан тыс эксперименттерге дайындақ статусы.
  • ID5 реакторлық экспериментінің нәтижесінің эксперименттен кейінгі зерттеулері.
  • ID6 және ID7 эксперименттерінінің дайындық статусы және алдын ала талдауы.
  • Алда болатын реакторлық және реактордан тыс сынақтарды жүргізу кестесі келісілді.

Кездесу барысында жапондық мамандар EAGLE эксперименталдық стендінде болды, онда FCO-3 экспериментінде қолданылған балқытпаны қайта құятын сиымдылықтың, жүргізілген эксперименттен кейін қондырғыдан алынған ағызу құбары мен материалдың ахуалы көрсетілді.