Close

12.03.2020

ИВГ.1 реакторын энергетикалық іске қосуына – 45 жыл

70-ші жылдардың ортасында Семей ядролық сынақ полигонының аймағында ядролық зымыран қозғалтқыштарын толығымен және оның жеке тораптарын эксперименттік өңдеу үшін «Байкал-1» стенд кешені құрылды. ИВГ.1 зерттеу реакторы стенд кешенінің құрамына енетін негізгі эксперименттік қондырғылардың бірі болды.

ИВГ.1 реакторының жобасы 1966-1969 жж. ЭТҒЗКИ әзірленді. ИВГ.1 реакторы – жеңіл сулы баяулатқыш пен нейтрондардың берилий шағылдырғышы бар жылу нейтрондарда каналды типті жоғары температуралық газды салқындататын гетерогендік корпустік ядролық реактор.

ИВГ.1 реакторының физикалық іске қосуы 1972 ж. қыркүйек-қараша айларында жүргізілді, ал осы реакторды пайдаланудың бастамасын бастаған энергетикалық іске қосуы 1975 жылдың 7 наурызында жүргізілген.

1975-1988 жылдары ИВГ.1 реакторында ядролық энергиялық қозғалтқыш қондырғылардың және ядролық зымыран қозғалтқыштары реакторларының, олардың принципиалдық жұмысқа қабылеттілігін растайтын жылу шығаратын құрастырмаларды сынаудың көп саны жүргізілді. Осы кезеңде ИВГ.1 реакторында азот жылутасымалдағышы бар жоғары температуралық газды салқындататын реактордың твэлдерінің және жылу шығаратын құрастырмалардың жұмысқа қабылеттілігі эксперименттік расталды.

Жаңғыртудан кейін 1991 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін негізінде түрлі ғылыми-зерттеу бағдарламаларды орындауда пайдаланылады, ең көлемдісі реакторлық техниканың материалдарын нейтрондық-белсендіргіш талдау, ИТЭР реакторының прототипінің литий диверторының жұмысын зерттеу, ядролық толтыруы бар газды лазерлерді және басқаларды зерттеу.

Қазіргі уақытта ИВГ.1М реакторының отынын төмен байытылған уранға ауыстыру бойынша бағдарлама қарқынды орындалады, және де ИВГ.1М реакторының эксперименттік мүмкіндіктерін және пайдалану сипаттамаларын арттыруға мүмкіндік беретін реакторлық жүйелерді жаңғырту жобасы дайындалады.