Close

26.10.2021

Сутегі индустриясын дамыту

А.ж. 20-21 қазан аралығында Мәскеу қаласында «Ресей және ТМД сутегі» халықаралық конференциясы өтті. Конференция жұмысына директордың материалтану зерттеулері жөніндегі орынбасары Ерболат Тайтөлеуұлы Қоянбаев қатысты. Конференция Ресей және ТМД елдерінде сутегі индустриясын дамыту, осы саладағы инвестициялық жобаларды іске асыру, сутегін өндіруді техникалық және технологиялық жетілдіру, пайдалану, сақтау және тасымалдау мәселелеріне арналған. Конференция аясында сала көшбасшыларының техникалық, технологиялық және сервисті шешімдердің мамандандырылған көрмесі ұйымдастырылды.

Бұдан басқа, «НЭТЧ Тула» АБҚ шақыруы бойынша Ерболат Тайтөлеуұлы Тула қаласына барды, онда компания басшыларымен келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында қатысушылар графитті ұнтақтау технологиясын талқылады. Е.Т. Қоянбаев өндірілетін ұнтақтау жүйелерінің құрылысымен танысты.