Close

14.10.2022

Орталық Азия өңіріңдегі ядролық материалдар контрабандасына қарсы күрес

2022 жылғы 11-13 қазан аралығында Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласында Өзбекстан Республикасының Кеден комитеті АҚШ Энергетика министрлігінің Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық әкімшілігімен (DOE/NNSA) бірлесіп ұйымдастырған Орталық Азия өңірінде ядролық материалдар контрабандасына қарсы күрес мәселелері жөніндегі конференция өтті.

Конференцияға қатысушылардың қатарына кеден және шекара қызметтерінің, құқық қорғау органдарының және қауіпсіздікті қамтамасыз ету органдарының өкілдері, сондай-ақ Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстанның криминалистикалық сараптама жүргізуге жәрдемдесетін ғылыми ұйымдардың өкілдері кірді. Ұлттық ядролық орталықтан конференцияға ҚР ҰЯО ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің бастығы Сысалетин Андрей Валерьевич және ҚР ҰЯО АЭИ филиалының ядролық қауіпсіздік және атом энергетикасын дамыту бөлімінің бастығы Поспелов Виталий Алексеевич қатысты.

Конференция барысында қауіпті материалдардың қолжетімділігінің өзекті проблемасын, контрабанданың жаһандық схемаларын және террористік қауіпті ұдайы күшейтіп отыратын Орталық Азия өңірінде ядролық контрабанданың өсіп келе жатқан тәуекелдері мен қауіптерінің перспективалары белгіленді, сондай-ақ ядролық контрабандаға қарсы іс-қимыл жөніндегі конференцияға қатысушы елдердің озық тәжірибелерімен алмасу өтті.