Close

30.11.2020

Жылдығы құтты болсын!

Бүгін біздің кәсіпорнымыздың еңбек сіңірген ардагерлерінің бірі Колбаенков Александр Николаевич 75 жасқа толып отыр.  

А.Н. Колбаенков кәсіпорында 1970 жылдан Томск политехникалық институтының физика-техникалық факультетін «физика-энергетикалық қондырғылар» мамандығы бойынша аяқтағаннан бастап жұмыс істеп келеді. 

А.Н. Колбаенков 1972 жылғы ИВГ.1М реакторын физикалық іске қосудан бастап, кешенде жүргізілетін барлық, оның ішінде ірі эксперименттік жұмыстардың тікелей қатысушысы, РА және ИВГ.1М жаңартылған реакторларын, реакторлық жүйелерді құру және сынау әзірлемелеріне қатысушы. Александр Николаевич атом энергетикасының қауіпсіздігін негіздеуге эсперименттік зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу үшін зор үлес қосты.  

А.Н. Колбаенков білімін, білігі мен тәжірибесін «Байкал-1» зерттеу реакторлары кешенінің бірегей жүйелерін дамытуға және оларды сәтті пайдалануға жұмсайды.

Ол біліктілігі жоғары маман, тәжірибелі басшы, үлгілі тәлімгер, бірнеше өнертабыстардың бірлескен авторы. Александр Николаевич, өзінің еңбек қызметінің жолында үнемі шеберлігін жетілдірумен, біліктілігін арттырумен, жылдар бойы жинаған тәжірибесін жас буынға үйретумен айналысып келеді, осының арқасында кәсіпорын қызметкерлерінің арасында лайықты құрметке ие болды.

А.Н. Колбаенков бірнеше рет кәсіпорынның және осы саланың  басшылығы атынан мадақталды. Ресей Атом министрлігінің 50 жылдығы құрметіне мемлекетке сіңірген еңбегі үшін «Достық» орденімен, «Атом энергетикасы мен өнеркәсібінің ардагері» белгісімен, 1 дәрежелі «Атом саласының еңбек сіңірген қызметкері»  құрмет төс белгісімен (алтын белгі), «Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 20 жыл» төс белгісімен, «Еңбек ардагері» медалімен, «ҚР Ұлттық ядролық орталығына 25 жыл» мерекелік медалімен, «Атом саласының үздігі» төс белгісімен және басқаларымен марапатталды. Курчатов қаласының Құрметті азаматы.

Кәсіпорын басшылығы мен барлық ұжымы Александр Николаевичті туған күнімен құттықтайды, ұзақ жылдарға темірдей мықты денсаулық, шығармашылық жеңістер, көтеріңкі көңіл-күй тілейді.