Close

25.11.2021

«Жас кәсіпқой» номинациясындағы жеңіс

2021 жылғы 23-24 қараша аралығында Өскемен қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орайластырылған «Біздің-№1/Наш №1» Шығыс Қазақстан облыстық жастар форумы өтті.

Форумға жастар ұйымдарының өкілдері, Шығыс-Қазақстан облысы кәсіпорындарының жас мамандары, спортшылар, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, еріктілер мен шығармашыл жастардың өкілдері қатысты. Форум аясында пленарлық отырыстар, семинар-тренингтер, спорттық және мәдени іс-шаралар, түрлі қызмет салаларының табысты өкілдерімен бейресми кездесулер өткізілді.

Форумның жабылу салтанатында «Жылдың жастар көшбасшысы», «Жылдың студенттік көшбасшысы», «Жас кәсіпқой», «Жылдың жас журналисі», «Жылдың жастар акциясы» және «Жас отбасы» жеті номинация бойынша мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға үлес қосқаны үшін ерекшеленген жастардың үздік өкілдерін марапаттау өтті. «Жас кәсіпқой» номинациясында Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының «Атом энергиясы институты» филиалының ядролық қауіпсіздік және атом энергетикасын дамыту бөлімінің инженері Диана Ильинична Давыденко жеңімпаз атанды. Номинация жеңімпазы ретінде Давыденко Диана Шығыс-Қазақстан облысының әкімі атынан «Жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» дипломымен марапатталды.