Close

16.04.2021

Диссертация қорғау

2021 жылғы 16 сәуірде 11 сағат 30 минутта «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ жанындағы диссертациялық кеңестің кезекті отырысында ҚР ҰЯО РМК Бас директоры Э.Ғ. Батырбековтың төрағалығымен 6D072300 -Техникалық физика мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Артур Сергеевич Сураевтың «Су баяулатқышы бар газ салқындататын реактордың есептік моделінің сипаттамаларын зерттеу» тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғауы өтті.

Диссертация «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ «Техникалық физика және жылу энергетикасы» кафедрасында орындалды.

Ресми рецензенттер:

Кислицин Сергей Борисович, физика-математика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Ядролық физика институты» РМК бөлімінің меңгерушісі (Алматы қ.);

Алимгазин Алтай Шурумбаевич, т. ғ.д., «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ «Жылу энергетикасы» кафедрасының профессоры (Нұр-сұлтан Қ.).

Ғылыми кеңесшілер:

Скаков Мажын Канапинович – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК бас ғылыми қызметкері (Курчатов қ., Қазақстан Республикасы);

Батырбеков Эрлан Ғадлетович – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰЯО РМК бас директоры (Курчатов қ., Қазақстан Республикасы);

Виелеба Войтек К. – инженерия докторы, Вроцлав политехникалық университетінің профессоры (Вроцлав қ., Польша Республикасы).

Әріптесімізді сәтті қорғаумен құттықтаймыз және жаңа ғылыми жетістіктер тілейміз!