Close

25.03.2021

Атом энергетикасы саласында мамандарды дайындау жөніндегі онлайн оқу курсы

29 қаңтардан бастап 12 наурызға дейін Жапондық атом энергетикасы компаниясы (JAPC) жапондық үкіметтің Қазақстан Республикасында атом энергетикасын құру үшін іргетасын қалыптастыру ісіне жәрдем көрсету жөніндегі бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы үшін атом энергетикасы саласында мамандарды дайындау бойынша Zoom платформасы базасында оқу курсын өткізді.

Курстың мақсаты – атом электрстанцияларын жобалау және салу кезінде туындайтын міндеттер мен қиыншылықтарға шолу.

Оқуға Атом энергиясы институты атынан 17 жас маман қатысты. Курс бағдарламасы 12 лекция сабағынан тұрды, онда төмендегі тақырыптар қаралды:

  • Атом энергетикасының қажеттілігі;
  • Ядролық қауіпсіздік;
  • АЭС жобалау;
  • Өтелімділігі;
  • Экономикалық, әлеуметтік және медициналық тәуекел;
  • АЭС іске асыру сатысында салу жобасының менеджменті.

Осы мәселе бойынша Жапонияның тәжірибесі, сондай-ақ курстан алған білім Қазақстанда АЭС салудың барлық аспектілері мен проблематикасын терең түсінуге мүмкіндік берді. Курс аяқталғаннан кейін барлық тыңдаушыларға курсты сәтті өткендігін растайтын сертификат берілді.