Close

10.10.2019

«Ғылымдағы, өнеркәсіптегі және медицинадағы физика-техникалық мәселелері» Халықаралық жастар ғылыми-практикалық конференциясы

2019 жылдың 30 қыркүйегінен 04 қазанына дейін Ұлттық зерттеу Томск политехникалық университетінде «Ғылымдағы, өнеркәсіптегі және медицинадағы физика-техникалық мәселелері» Халықаралық жастар ғылыми-практикалық конференциясы жүргізілді. Конференцияға қатысуға Ресей, Қазақстан, Қытай, Вьетнам, Ганы мен Нигерияның жас ғалымдарынан 240-тан артық өтінімдер түсті.

Конференцияда электрфизикалық қондырғылар, қазіргі энергетика үшін инновациялық материалдар және технологиялар, математикалық үлгілеу, ғылымда, техникада және медицинада әр түрлі қолданудың изотоптық технологиялар саласында зерттеулер нәтижелері ұсынылды. Сондай ақ, радиациялық және іске қосу –плазмалық технологияларға, ядролық таратпау және информациялық технологиялар қауіпсіздігі мәселелеріне арналған жұмыстардың қатары. 

Атом энергиясы институтынан конференцияға реакторлық құрылғыларды әзірлеу және сынау бөлімінің ғылыми қызметкерлері – А.С. Сураев, Н.А. Сулейменов және бақылау және басқару жүйелерін автоматтандыру бөлімінің инженері – С.А. Ильиных қатысты.