Close

14.02.2019

ШӘКІРТАҚЫ АЛУШЫЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының жас мамандарына 2019 жылғы ҚР ҰЯО РМК Бас директорының атаулы шәкіртақысы берілді.

2019 жылға ҚР ҰЯО РМК Бас директорының атаулы шәкіртақысы ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының жас мамандарына берілген болатын.

Конкурс нәтижесі бойынша атаулы шәкіртақыны алғандар:

1.  Ольга Сергеевна Букина, жұмысының тақырыбы: «Атом энергетикасы материалдарын (конструкциялық және отын материалдары) рентгендік құрылымдылық зерттеу әдістемелерін жүйелеу»;

2.  Олжас Муратбекович Жанболатов, жұмысының тақырыбы: «ИГР-дегі сынақтарда кешіккен энергия бөлінуден келетін әсердің есебі»;

3.  Святослав Александрович Журкин, жұмысының тақырыбы: «ИГР активті аймағының температурасын өлшеу жүйесінінің дамуын талдау»;

4.  Нурия Мейрамкановна Мухамедова, жұмысының тақырыбы: «Материалдар-геттерлерде орторомбтық фазасының дамуына механикалық белсендірудің әсерін зерттеу»;

5.  Қуаныш Қанатұлы Самарханов, жұмысының тақырыбы: «6Li(n,α)3Н ядролық реакция өнімдерімен қоздырылатын тығыз газдар мен металл буларының төмен температуралық плазмасын зерттеу».

Біздің шәкіртақы алушылар

Шәкіртақы алушыларды құттықтаймыз және оларға болашақтағы зерттеу жұмыстарында жетістіктер тілейміз!