Close

20.05.2020

SAIGA жобасы бойынша жұмыстарды жүргізу

2020 жылдың 18 мамырында бейне байланыс арқылы ядролық энергетика және баламалық негіз бойынша (CEA) француз комиссариатының өкілдерімен SAIGA жобасы бойынша кезекті қашықтан техникалық кездесу өтті. Бұл кездесу тұзақты натрий контурын пайдаланумен ИГР реакторында ASTRID келешек реакторының модельдік құрастыру сынақтарын жүргізу мүмкіндігін технико-экономикалық зерттеу – SAIGA жобасының бірінші кезеңін қорытындылау алдындағы соңғының алды болып табылады.  Конференция барысында тұзақты натрийлік контурын жобалау бойынша орындалған тапсырмалардың нәтижелеріне, эксперименттік құрылғының құрамында тұзақты натрий контурының жылу-гидравликалық есептердің нәтижелеріне, сынау режімінде модельдік ЖШЖ құрамында сынау секциясының отыны мен конструктивтік элементтердің деградациясы және бекітілген режімге жету процессінің жылу физикалық есептеріне, эксперименттік қондырғыда параметрларды өлшеу жүйесінің алғышқы түрлендірушілерді орнату тәсілдерін және жарықтандыру сұлбаларын әзірлеуге қатысты  техникалық мәселелер талқыланды. Бейне конференцияның нәтижелері бойынша эксперименттік құрылғыны модельдік ЖШЖ құрамында пайдалану үшін түрлі байытудың отындық таблеткаларының партиясын дайындауға Техникалық талаптар келісілді және SAIGA бағдарламасының ТЭЗ кезеңін аяқтау нәтижелері бойынша қорытынды кездесуді жүргізу күні туралы және қорытынды есепті тапсыру мерзімі туралы бітімге келді.