Close

29.10.2019

РЕАКТОРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БОЙЫНША ОҚЫТУ КУРСТАРЫ

2019 жылдың 21 қазанынан 25 қазанына дейінгі кезеңде ҚР ҰЯО РМК Атом энергиясы институты филиалының базасында атом энергиясын бейбіт пайдалану саласында персоналды дайындау бойынша Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы және Атом энергиясы бойынша Жапон агенттігі (JAEA) арасындағы келісімнің аясында ұйымдастырылған FTC «Реакторлық технологиялар» (Follow-up Training Course “Reactor Engineering”) оқыту курсы өтті.

ҚР ҰЯО РМК АЭИ базасында «Реакторлық технологиялар» курсы бесінші рет жүргізіледі (2015 жылдан басталды). Осы жылы оқытуға 12 қатысушы қатысты. Оның ішінде 11 қызметкер АЭИ филиалының мамандарының санынан.

Осы жылы, былтырғы жылғыдай, кадрларды дайындау саласында ынтымақтастық туралы келісімі бар аймақтық ЖОО-ның өкілдері тыңдаушылар ретінде шақырылды. Нәтижесінде, осы оқу курсында, АЭИ филиалының қызметкерлерінен басқа Семей қ. Шәкәрім атындағы МУ оқытушысы А.Б. Касымов қабылданды.

Курсты ұйымдастыру үшін курстың үйлестірушілері, нұсқаушылары және дәріскерлері ретінде АЭИ филиалының мамандары шақырылды. Үйлестірушілер және дәріскерлер санынан мамандардың үлкен бөлігі ертеде нұсқаушыларды дайындау бағдарламасы бойынша JAEA оқыту өтті.

Дәрістік сабақпен қатар, ҚР ҰЯО РМК копьютерлік класс және АЭИ филиалының материалтану кешенінің базасында тәжірибелік сабақтар жүргізілді. Техникалық турлар және экскурсиялар аясында курс қатысушылары «Байкал-1» ЗРК, материалтану кешеніне, КТМ Токамагіне, «Тәжірибелік дала» ал., ССП мұражайына барды. 

Барлық қатысушылар оқыту процессінде білімнің және біліктіліктің жеткілікті деңгейін танытты, оны кіру және қорытынды тестілеу қорытындылары мен оқыту процессіне өте белсене қатысуы растады. Курстің қорытындысы бойынша курстың барлық қатысушыларына курсті өтуі туралы сертификаттары тапсырылды.