Close

30.01.2019

МЕТРОЛОГИЯ

Метрология зертханасы ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының метрологиялық қызметі болып табылады.

Зертхана өзінің қызметін 1969 жылдан бастап жүзеге асырып келеді.

Зертхананың қызметі «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзырлығына қойылатын жалпы талаптар» СТ РК ИСО/МЭК 17025-2007 сәйкес, бұл өлшеу құралдарын тексеруді жүзеге асыру құқығына№ KZ.П.07.1114 аккредиттеу аттестатымен расталады. 

Зертхана келесі метрологиялық жұмыстар мен қызметтерді орындауды жүзеге асырады:

  • өлшеу құралдарын өлшеудің 9 түрі бойынша тексеру (СТ РК 2.42-2002):
    • массаны өлшеу;
    • температуралық және жылуфизикалық өлшеулер;
    • шығындарды өлшеу;
    • қысымды өлшеу;
    • вакуумды өлшеу;
    • электрлік көлемдерді өлшеу;
    • уақыт мен жиілікті өлшеу;
    • радиотехникалық өлшеу; ионданушы сәулелерді өлшеу.
  • сынақталатын жабдықтарды аттестациялау;
  • ӨҚ және күрделі радиоэлектрондық жабдықтарды жөндеу;
  • өлшеу құралдарын, өлшеулерді орындау әдістемелерін қолданумен байланысты нормативтік құжаттамалар, техникалық құжаттамалардың жобаларына метрологиялық сараптама жүргізу;
  • дәлдік өлшеулерін және басқа да метрологиялық жұмыстарды орындау.

Біздің қызметтерге тұрақты тапсырыс берушілер:

  • ҚР ҰЯОРМК филиалдары;
  • ЯФИ РМК (Алматы қ.);
  • «Кампания Балапан колігі» ЖШС, Курчатов қ.;
  • ГЗИ РМК,  Курчатов қ.;
  • «Парк ядерных технологий» АҚ, Курчатов қ.;
  • «KAZFOAM» ЖШС, Курчатов қ.;
  • «ИзотопТрансСервис» ЖШС, Өскемен қ.;
  • «РЕГИОНАЛЬНЫЙ ОНКОЛОГИЧЕСКИЙ ДИСПАНСЕР» ҚМКК, Семей қ.;
  • «СЛМЗ» ЖШС, Семей қ.

Біздің мекен-жайымыз: 071100, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Курчатов қ., Бейбіт атом к., 10,
тел: (722-51) 3-32-02, факс: (722-51) 3-31-25, е-mail:metrology@nnc.kz

Тексеру зертханасының (орталығының) басшысы:

Флерко Игорь Николаевич, метрология зертханасының бастығы, тел. 43-96 (ком. 8-722-513-32-02).