Close

21.08.2020

КТМ токамагінің ваккумдық камерасының ішкі бетіне графит тайлдарымен қаптама жасалды.

Жобалық парамертларға оны кезеңдік шығару бойынша жұмыстарға КТМ токамагін дайындау аясында, жобаға сәйкес КТМ токамагінің ваккумдық камерасының ішкі бетіне графит тайлдарымен қаптама жасау бойынша жұмыстар аяқталды. Барлығы жалпы ауданы 25 м2 шамамен 2000 графит тайлдары орнатылған. Тайлдар FP479 маркалы графиттен дайындалған үлкен емес тақтайшалардан тұрады. Осы жұмыстың аяқталуы плазмаға жоғары зарядтық саны бар қоспалардың түсуін азайту есебінен КТМ токамагында аса тұрақты және берік плазмалық бауды алуға мүмкіндік береді. Болашақта, өз кезегінде, плазмалық разрядтың шектік параметрларына жетуге рұқсат етеді.