Close

17.09.2019

КТМ токамагінің іске қосу жөндеу жұмыстары

КТМ токамагін физикалық іске қосуға дайындау және оны пайдалануға енгізу аясында тороидальдық орамының қуат көзінің іске қосу жөндеу жұмыстары жетістікпен аяқталды, нәтижесінде номиналды жобалық ток 58кА тең болып жетті. Токтың осындай мәні қондырғының үлкен радиусында R=0,9 м тороидальдық магниттік өрістің жобалық мәнін 1 Тл тең қамтамасыз етеді. Тороидальдық магниттік өрісінің жобалық мәнінің жетуі плазмалық разрядтың бастамасын білдіру үшін (көшкіндік тесіп өту) және де қондырғы плазмалық разрядтың жобалық параметрларына шығу үшін маңызды шарт болады.