Close

19.08.2019

Энергияны жинау озық жүйелері және наноматериалдар бойынша 7-ші халықаралық конференциясы

 Алматы қаласында Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде 7 – 9 тамыз аралығында энергияны жинау озық жүйелері және наноматериалдар бойынша 7-ші халықаралық конференция жүргізілді (INESS-2019). Конференцияның ұйымдастырушылары ретінде Назарбаев Университеті (НУ), Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті (ҚазҰУ), Батарея институты (IoB), Астана ұлттық зертханасы (АҰЗ) сөз сөйледі.

Конференция тақырыптары келесі салаларды қамтыды:

– Жетілдірілген наноматериалдар;

– Энергияны сақтау және түрлендірудің жетілдірілген жүйелері;

– Электр химиялық датчиктер және электр аналитикалық ұсыныстарға арналған материалдар;

– Баламалы озық энергетикалық қолдануларға арналған материалдар және технологиялар;

– Күн сәулелік энергетикалық материалдар және күн сәулелік батареялар;

– Жартылай өткізгіштер және көптеген электроника;

– Катализ және отындық элементтер;

– Батарейлерді бақылау және басқару жүйелері;

– Батареяларды пайдаға асыруы және қауіпсіздігі;

– Электр мобильдерді және энергияны стационарлық жинақтауыштарды әзірлеу;

– Энергияны түрлендіру жүйелерінде және материалтануда модельдеу құралдары;

– Энергиясы және қоршаған орта;

– Ақылды энергетикалық жүйелер.

INESS конференциясы алғаш 2013 жылы ҚР, Назарбаев Университетінде өтті. Қазіргі күнге дейін INESS алаңы, Жапония, Корея, Франция, Германия, Қытай, Ресей, Канада, БАӘ ғалымдары мен студенттері материалтану, нанотехнология, экология, жаңғырмалы энергия, энергияны жинақтау жүйелері және осы салаларда модельдеу әдістері саласындағы мәселелерді және кейінгі жетістіктерді қарастыра алатын және талқылайтын орыны болады.

ҚР ҰЯО РМК Атом энергиясы институтының өкілдері ретінде төмендегілер болады:

Материалтану сынақтары бөлімімен жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша стенд баяндамаларын ұсынған И.М. Кукушкин – конструкциялық және отындық материалдарды сынау зертханасының бастығы, О.С. Букина – конструкциялық және отындық материалдарды сынау зертханасының кіші ғылыми қызметкері, К.Қ. Самарханов – канал ішілік сынақтар зертханасының инженері және Е.Ю. Тулубаев – канал ішілік сынақтар зертханасының кіші ғылыми қызметкері.

Конференция қатысушыларының бірі әсерімен бөлісті: «Көптеген қызықты адамдар, түрлі деңгейдегі ғалымдар (студенттерден докторларға дейін). Жұмыс тілі ретінде ағылшын тілі болды, сондықтан, жеке өзіме бұл, тілді білуге арналған өзіндік тест болды. Тестен өттім! (күледі). ҚР ҰЯО РМК жүргізілетін іс –шараларымен (жылсайынғы жас мамандардың және ғалымдардың конкурстары, конференциялар және т.б.) конференцияның және осы халықаралық конференцияны салыстыру мүмкіндігі ұсынылды.  Біздің конфернциялардың деңгейі еш кем емес, қайта бірнеше сәттерде жоғары екенін атап өткім келеді. INESS конференциясынан жалпы әсерім, өте жарқын және ұмытылмас!».