Close

13.12.2022

EAGLE-3 жобасы аясында 18-ші техникалық кездесу

Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығында Жапония атом энергиясы агенттігі (JAEA) мамандарының қатысуымен EAGLE-3 бірлескен қазақстандық-жапондық зерттеу бағдарламасын іске асыру шеңберінде кезекті 18-ші техникалық кездесу өтті.

Бағдарлама натрий жылутасымалдағышы бар жылдам нейтрондардағы реакторлардың қауіпсіздігін негіздеу мәселелерін шешуге бағытталған.

Кездесуде FDCO-8 реактордан тыс эксперименті және iD-6 реакторішілік эксперименті нәтижесінде алынған қатайтылған балқыманың материалтану зерттеулерінің нәтижелері талқыланды. FDCO-8 экспериментінің мақсаты натрий ағынының модификацияланған шығын беретін құрылғысы бар реттегіш біліктің бағыттаушы құбыры бойынша балқыманың орын ауыстыру параметрлері бойынша деректерді алу болады. ID-6 экспериментінің мақсаты су төгетін құбыр арқылы жылутасымалдағыштың шектеулі мөлшері бар және қалдық энергия шығару жағдайында орналасқан аймаққа орын ауыстырған белсенді аймақтың балқытылған материалдарын салқындату процесін зерттеу болады.

Сондай-ақ, кездесуде ID-7 эксперименттік құрылғысының эксперименттік зерттеулерінен кейінгі жоспарлар талқыланды. Атап айтқанда, негізгі түйіндер мен элементтерді кесу сұлбалары және кейінгі материалтану зерттеулері сияқты мәселелер қарастырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша жапондық тарап жүргізіліп жатқан жұмыстар мен қол жеткізілген нәтижелерге жоғары баға берді.