Close

18.06.2019

Басшылық

Baklanov V.V

Бакланов Виктор Владимирович
ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалының директоры, PhD, қауымдастырылған профессор, Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты

2000 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін (ШҚО, Өскемен қаласы) «Физика» мамандығы бойынша «инженер-физик» біліктілігі бойынша бітірген. 2009 жылы ЛИНК ХМИ Ашық университетінің «Менеджмент» мамандығы бойынша диплом алды. 2017 жылы ҰЗ ТПУ-да аспирантураны аяқтады да «Ауыр авария кезінде су-сулы энергетикалық реактордың корпусымен кориумның өзара әрекеттестігі» тақырыбында диссертация қорғап, техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. 2018 жылы нострификациялау рәсімінен өтті, нәтижесінде «Физика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

Халықаралық ғылыми конференцияларда 130-дан астам ғылыми мақалалар мен баяндамалардың, оның ішінде өнертабыстар мен пайдалы модельдерге 8 патенттің авторы және бірлескен авторы болып табылады, 15-тен астам мақала Scopus және WoS деректер базасына кіретін халықаралық рейтингтік басылымдарда жарияланған. Хирша индексі – 8.

Ғылыми мүдделер саласы: радиациялық материалтану саласындағы зерттеулер, ядролық реакторлардың қауіпсіздігі саласындағы зерттеулер, ПЯО және РАҚ-пен жұмыс істеу, жаңа материалдар синтезінің технологиялық негіздерін әзірлеу және т.б.

 

 

 

 


gniryav

Гныря Вячеслав Сергеевич
Директордың сынақтар жөніндегі орынбасары

2000 жылы Томск политехникалық университетін «ядролық реакторлар және энергетикалық қондырғылар» мамандағы, «инфенер-физик» біліктілігі бойынша аяқтағаннан кейін ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалына жұмысқа қабылданды. 2017 жылы ТПҰЗУ аспирантурасына «Конденстелген күй физикасы» мамандығы бойынша түсті. 50-ден астам жарияланған ғылыми жұмыстардың авторы және бірлескен авторы болып табылады.

Ғылыми қызығушылық саласы: ядролық және термоядролық реакторлардың материалдарын кешенді зерттеу, атом энергетикасының қауіпсіздігі саласындағы зерттеулер, нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеу және реакторлар мен эксперименттік қондырғыларды пайдалану практикасына енгізу. 

 

 

 


Miniyazov A.Zh.

Миниязов Арман Жанарбекович
Директорының орынбасары, PhD

2009 жылы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «техникалық физика» мамандығы бойынша бітіріп, 2011 жылы «физика» мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі дәрежесін алды. 2013-2014 жылдар аралығында Жапонияның Киото университетінің Реакторлық зерттеулер институтында зерттеу бағдарламасынан өтті. 2017 жылы Жапонияның Токай қаласындағы Атом энергиясы жөніндегі жапон агенттігінің Ядролық саладағы адами ресурстарды дамыту орталығында оқудан өтті.2022 жылы «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ-да «Техникалық физика» білім беру бағдарламасы бойынша докторантураны бітіріп, «Техникалық физика» білім беру бағдарламасы бойынша PhD докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. 2023 жылы Қытайдың Пекин қаласындағы атом энергетикасындағы менеджмент саласындағы Қытай атом өнеркәсібі колледжімен МАГАТЭ халықаралық бірлескен курсын бітірді. 90-нан астам жарияланымның, оның ішінде өнертабыстар мен пайдалы модельдерге 12 патенттің авторы және бірлескен авторы болып табылады, 30-дан астам мақала Scopus және WoS деректер базасына кіретін халықаралық рейтингтік басылымдарда жарияланған. Хирша индексі – 8.

Ғылыми мүдделер саласы: реакторлық материалтану, баламалы энергетика, атом энергетикасының қауіпсіздігін негіздеу саласындағы зерттеулер.


Chektybaev B.Zh.

Чектыбаев Бауржан Жамбулович
Директордың термоядролық зерттеулері жөніндегі орынбасары, PhD, қауымдастырылған профессор

2007 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Ядролық реакторлар және энергетикалық қондырғылар» мамандығы бойынша бітірген. 2009 жылы «Жылу энергетикасы» мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі дәрежесін алды. 2019 жылы Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінде «Техникалық физика» білім беру бағдарламасы бойынша докторантураны бітіріп, «Техникалық физика» білім беру бағдарламасы бойынша PhD докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. 2025 жылы «Қауымдастырылған профессор» ғылыми дәрежесі берілді. Жұмыс уақытында JT-60U, FTU, MAST және JET сияқты қондырғыларда біліктілікті арттыру мен тағылымдамадан өтті. 50-ден астам жарияланымның, оның ішінде Scopus және WoS дерекқорына кіретін халықаралық рейтингтік басылымдардың авторы және бірлескен авторы болып табылады.

Ғылыми мүдделер саласы: басқарылатын термоядролық синтез, жоғары температуралы плазманың диагностикасы мен физикасы, бірінші қабырға мен дивертор материалдарын сынау, БТС технологияларын, сондай-ақ термоядролық зерттеулерге арналған эксперименттік әдістер мен қондырғыларды әзірлеу және жетілдіру.

 

 

 


korovikov

Коровиков Александр Генадьевич
Бас инженер, PhD

2000 жылы Томск басқару және радиоэлектроника жүйелері университетін (Томск қ.) «Өнеркәсіптік электроника» мамандығы бойынша бітірді, біліктілігі «инженер-электроник». 2009 жылы ЛИНК ХМИ Ашық университетінің «Менеджмент» мамандығы бойынша дипломын алды. 2013 жылы ТПҰЗУ-дың аспирантурасын аяқтады және техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. 2017 жылы нострификация рәсімінен өтті, нәтижесінде «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді. 30-дан астам жарияланған ғылыми жұмыстардың авторы және бірлескен авторы болып табылады.

Ғылыми қызығушылық саласы: технологиялық процестерді автоматтандыру, ақпараттық қауіпсіздік.