«Қауіпсіздік және ядролық қаруды таратпау туралы» семинар
Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы аясында, 2019 жыл жастар жылы деп жарияланғандықтан және Қазақстанның Ядролық қоғамының көмегімен Қазақстанның Пагуош комитетінің іс-шаралар жоспарына келісе 2019 жылдың 25 қыркүйегінде Қазақстан-Американдық еркін университетінде «ҮМЗ» АҚ мен студенттерге, магистранттарға, қызметкерлерге, Өскемен қаласының ЖОО профессорлар-оқытушылар құрамы үшін «Қауіпсіздік және ядролық қаруды таратпау туралы» семинар жүргізілді.
Кездесуде қауіпсіздік және ядролық қаруды таратпау саясатын іске асыруда ғылыми қоғамдастықты күшейту мәселелері көтерілді.
Кездесуді кіріспе сөзбен Қазақстанның Пагуош комитетінің мүшесі, ҚР ҰҒА академигі, профессор, химия ғылымының докторы, ҚАЕУ Президенті – Ережеп Альхаирович Мамбетказиев ашты. Ол Пагуошта (Канада) Рассел-Эйнштейн Манифестінің қарарына сәйкес 1957 жылы пайда болған Халықаралық ғалымдардың қозғалысы туралы және Ел басшылығының тапсырмасы бойынша Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдарының төралқасында (ҚазҰЖҒА) Қазақстанның Пагуош комитетін (ҚПК) құру туралы айтты, Комитет жұмысының міндеттері және жоспарлары туралы ақпараттандырды және жас ғалымдарды биылғы жылы ҚПК құрылатын Қазақстанның Пагуош комитетінің Жастар қызметінің белсенді қатысушылары болуына шақырды.
Семинар аясында өзінің баяндамасын «Қазақстандық атомдық электр станциялары» АҚ бас директоры, ф-м.ғ.к., ҚПК мүшесі Тимур Мифтахович Жантикин ұсынды, баяндамасының тақырыбы ««Төмен байтылған уран банкі» жобасы». Баяндама аясында Т.М. Жантикин Төмен байытылған уран банкін құру ролі туралы және таратпау саясатының аясында орындалатын маңызды міндеттері туралы айтты.
Қазақстанның Пагуош комитетін жастар бөлімі мен Пагуош ғалымдар қозғалысының аясында жастардың қызметі туралы ҚР ҰЯО РМК АЭИ зертханасының бастығы, ҚР ҰЯО Жас ғалымдар одағының төрағасы, ҚПК мүшесі Арман Жанарбекович Миниязов айтты, баяндамасының тақырыбы «Пагуош ғалымдар қозғалысының аясында жастар ролі». Халықаралық студенттік/жастар Пагуош қозғалысы – бұл ғылым, технология, қоғам және этиканы өзара әрекетесу мәселелерімен айналысатын студенттердің және жас мамандардың ғаламдық және пәнаралық желі. Осы жылы Қазақстанның Пагуош комитетінде студенттердің, жас ғалымдардың және мамандардың халықаралық ғылыми байланысын бекіту мақсатында Жастар бөлімі құрылды.
Сондай ақ, қатысушылар алдында Сакен Сейфуллин атындағы КазАТУ экология кафедрісінің аға оқытушысы, ҚПК, Қазақстанның Ядролық қоғамының Атом энергиясы бойынша ақпараттық орталығының директоры Сеит Абеуханович Алиев сөз сөйледі.