Close

19.03.2024

Философия докторы (PhD) диссертациясын сәтті қорғаумен құттықтаймыз!

«Атом энергиясы институты» филиалының термоядролық реактор жағдайында материалдарды сынау зертханасының бастығы Миниязов Арман Жанарбекович философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін «Термиялық және плазмалық әсерлердің вольфрамның бетіне жақын карбидті қабатының құрылымдық күйі мен қасиеттеріне ықпалы» тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғады.

Диссертацияны қорғау Семей қаласында (Абай облысы) «Шакарим атындағы Семей қаласының университеті» КЕАҚ жанындағы диссертациялық кеңестің отырысында өтті.

Әріптесімізді философия докторы (PhD) дәрежесіне ие болуымен құттықтаймыз! Әрі қарай кәсіби табыс, жаңа жетістіктерін жүзеге асыруда сәттілік пен шығармашылық шабыт тілейміз!