Close

25.01.2022

Мерейтоймен!

ҚР Энергетика министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК «Атом энергиясы институты» филиалының ұжымы Мажын Канапинович Скаковты 70 жасқа толуымен шын жүректен құттықтайды!

Жоғары кәсібилік, бай тәжірибе мен білім, жауапкершілік сезімі мен талапшылдық адамдарға деген ілтипатты және ықыласты қарым-қатынаспен үйлесімде, Сізді әріптестер мен серіктестер арасында Қазақстанда да, шетелде де лайықты бедел мен құрметке ие болдырды.

 Өз өміріңізді ғылыми-зерттеу және белсенді ғылыми-педагогикалық қызметке арнай отырып, Сіз толығымен жұмысқа берілесіз. Сіз және сіздің оқушыларыңыз жүргізген зерттеулердің көп бөлігі радиациялық материалтану және қатты дене физикасы мәселелеріне арналған. Сізде атом энергетикасының қауіпсіздігін арттырудың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарында, белсенді аймақты балқытумен энергетикалық атом станцияларындағы апаттық жағдайларды эксперименттік модельдеу, КТМ токамагында зерттеулер жүргізу үшін жоғары температуралы плазманы өлшеу құралдары мен диагностикалау әдістерін әзірлеу және жетілдіру бойынша үлкен тәжірибеңіз бар. Сіздің зерттеулеріңіздің нәтижелері отандық және шетелдік ғалымдардың кең әлемдік құрметіне ие болды.

Сіздің тәжірибе жинақтамаңызда – 40 жылдан астам ғылыми-педагогикалық жұмыс бар, оларды қазіргі заманғы білім мен ғылымның ең жоғары деңгейіне сәйкес жоғары кәсіби сауаттылықты қалыптастыра отырып мамандар даярлау кезінде табысты пайдаланасыз. Радиациялық материалтану, қатты дене физикасы, ядролық және термоядролық энергетикалық қондырғылар материалдары және ядролық реакторларды пайдаланудан шығару, РАҚ – пен жұмыс істеу, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану мәселелері бойынша бойынша халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу және әлемдік рейтингтік және отандық басылымдарда 300-ден астам баспа жұмысын жариялау және 6 монографияға, өнертабыстар мен пайдалы модельдерге 50 авторлық куәліктер мен алдын-ала патенттер алу сіздің арқаңызда. Сіздің бастамаларыңыздың арқасында бүгінде Атом энергиясы институтында ҚР атом энергетикасын дамыту бойынша жоғары деңгейде ғылыми зерттеулер, термоядролық энергетиканың құрылымдық материалдары, біз үшін мүлдем жаңа және перспективалы бағыт – сутегі энергетикасы бойынша зерттеулер жүргізілуде, гранттық қаржыландыру негізінде ғылыми жобалар орындалуда.

 

Сіз ҚР ҰЯО-да өз ғылыми қызметіңізді басшылық ету мен жас ғалымдарды белсенді қолдауды сәтті қатар қолданандыңыз. Сіз Қазақстан Республикасының атом саласы үшін кадрлар даярлауға көп күш пен қуат бердіңіз, мұның дәлелі жас және талантты ғалымдардың ұрпағы болып табылады. Сіз «конденсирленген күй физикасы» мамандығы бойынша физика-математика ғылымдарының 7 кандидатының және 13 PhD философия докторларының ғылыми жетекшісі болдыңыз, олардың көпшілігі Атом энергиясы институтында еңбек етуде.

Сіздің шексіз жұмысқа қабылеттілігіңіз Сіздің талантыңыздың ерекше көпқырлылығы туралы айтады. Сізге отандық ғылымға қосқан елеулі үлесін көрсете отырып, көптеген халықаралық конференциялардың әлемдік ұйымдарының, қоғамдарының және бағдарламалық комитеттерінің жоғары сыйлықтары, атақтары мен мүшеліктері лайықты түрде берілді.

 Құрметті Мажын Канапинович, бүгінгі атаулы күні Сіз игілік, амандық тілегін қабыл алыңыз, және өмірдегі әрбір сәт қайталанбас, маңызды және сәтті болсын!

 Сізге ұзақ жылдар бойына күш-қуат, мықты денсаулық, бақыт, сізге және сіздің отбасыңыз бен жақындарыңызға амандық тілейміз!