Close

29.07.2021

Мамандандырылған КТМ токамагындағы ғылыми зерттеулер бағдарламасы бойынша халықаралық ғылыми-практикалық семинарға қатысу

Ағымдағы айда «Росатом» мемлекеттік корпорациясында (Мәскеу қ.) ТМД қатысушы-мемлекеттердің атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі комиссиясының «Мамандандырылған КТМ токамагында термоядролық реакторлардың перспективалы материалдарын зерттеу және сынауға арналған ғылыми зерттеулердің бағдарламаларын құру және жүзеге асыру жобасын бірлесіп іске асыру» жұмыс тобының отырысы өтті.Отырысқа Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының, ТМД атқарушы комитетінің, «Росатом» мемлекеттік корпорациясының Халықаралық ынтымақтастық департаментінің, Комиссия секретариатының өкілдері қатысты. 

Ғылыми зерттеу бағдарламасы бойынша қорытынды шығарылды және шешімдер қабылданды:

  • 2018-2020 жылдарға арналған Ғылыми зерттеу бағдарламасы негізінен орындалды деп есептелсін;
  • Қолданыстағы, әзірленетін және жобаланатын ресейлік токамактарда зерттеу үшін ҒЗЯУ МИФИ-де көпфункционалды зондты әзірлеу ұсынылсын;
  • Бекітілген 2021-2023 жылдарға арналған Ғылыми зерттеу бағдарламасына сәйкес зерттеулерді жалғастыру;
  • 2021-2023 жылдарға арналған Зерттеу жұмыстарының бағдарламасын орындаудың негізгі мақсаты омдық қыздыру режимінде диверторлық конфигурациясы бар КТМ токамагының плазмалық бауын алу болып табылады.

ҚР ҰЯО «Атом энергиясы институты» филиалының қызметкерлері бас ғылыми қызметкер И.Л. Тажибаева және термоядролық зерттеулер бөлімінің бастығы                         Б.Ж. Чектыбаев халықаралық ғылыми-практикалық семинарға қатысты.