МАГАТЭ семинары
09-13 маусым аралығында Корея Республикасының Ульсан қаласында пайдаланушы ұйымның АЭС-ті салуға және пайдалануға дайындығы бойынша Өңіраралық семинар (Interregional Workshop on Preparedness of Operating Organization for Construction and Operation of Nuclear Power Plant) өтті оған ҚР ҰЯО РМК АЭИ филиалының жетекші ғылыми қызметкері Артур Сергеевич Сураев қатысты. Шараны ұйымдастырушылар: KINGS (KEPCO International Nuclear Graduate School) мен KNA (Korean Nuclear Association) және МАГАТЭ.
Семинарға 20 елдің өкілдері қатысты: Литва, Эстония, Словения, Румыния, Польша, Чехия, Болгария, Кения, Гана, Иран, Иордания, Нигерия, Пәкістан, Бангладеш, Мысыр, Түркия, Қазақстан, Өзбекстан, Армения, АҚШ. Олардың кейбіреулерінің АЭС пайдалану тәжірибесі бар, басқалары құрылыстың бастапқы кезеңінде немесе Қазақстан Республикасы сияқты өз елінде бірінші АЭС салуды жоспарлауда.
Семинар тақырыбы АЭС құрылысының түрлі кезеңдеріне арналған, соның ішінде: алаңды таңдау, шарт типін және орындаушыны таңдау, өнім берушілермен жұмыс, инфрақұрылымды дамыту, персоналды даярлау (оқыту), станцияны орындаушыдан операторға тапсыру, құрылыстың барлық кезеңдерінде тапсырыс берушінің рөлі мен жауапкершілік дәрежесі. АЭС құрылысының «нашар» және «жақсы» әлемдік тәжірибесінің мысалдары қарастырылып, талқыланды. Іс-шара шеңберінде тақырыптық презентациядан басқа, топтық тренингтер, сондай-ақ Сеул қаласындағы жұмыс істеп тұрған АЭС-тің біріне (№ 2 блок) және корей атом жобасы үшін ядролық реакторлар мен бу генераторлары корпустарының негізгі жеткізушісі болып табылатын «Doosan» ауыр машина жасау кәсіпорнына техникалық турлар өткізілді.