Close

23.10.2020

ИГР реакторын іске қосуды жүргізу

Ағымдағы жылдың 22 қазанында ИГР реакторын іске қосу орындалды. Реактордың активтік аймағында толық жобалық энергияны бөлу (5,2 ГДж) мен оны 1000 °С дейін қыздыру іске асырылды. Бұл реактордың технологиялық жүйелерінің жабдығын жаңалау мен алдын алу бойынша 2018 жылдан бастап жүргізілген жұмыстардан кейінгі алғашқы ірі масшабты іске қосуды, соның ішінде сатып алу мен орнатуды енгізеді: нейтрондардың жаңа көзі, басқару және қорғау жүйелерінің жаңа жабдығы, эксперименттік контурдың жаңа сорғылары, ядролық және радиациялық қауіпсіздік деңгейін арттырады және реактордың эксперименттік арналарын сенімді салқындатуды қамтамасыз етеді.

Іске қосу кезінде алынған эксперименттік деректері АЭИ филиалында қолданылатын және әзірленетін есептік әдістемелерді және бағдарламаларды тексеру үшін де, солай шетелдік әріптестер алдында іс-шаралық міндеттерді орындау аясында алдағы эксперименттер реакторында іске асыру үшін де аса маңызды болады.

Реакторлық зал. Экспериименттік құрылғыны құрастыруға дайындау.