«Болашақ» бағдарламасы шеңберіндегі тағлымдама
Термоядролық зерттеулер бөлімінің токамактардың эксперименттік физикасы зертханасының кіші ғылыми қызметкері Жүнісбек Сағынғали Андасбекұлы Шетелде кадрларды даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімі бойынша «500 ғалым» жобасы шеңберінде «Болашақ» халықаралық степениясының иегері атанды. Степендия аясында ол 2022 жылдың қараша айынан бастап Лиссабон қаласының (Португалия) Плазма және синтез институтында (IPFN) ISTTOK токамағында жеті айлық тағлымдамадан өтуде. Тағлымдаманың мақсаты КТМ токамағында зерттеулер кезінде оларды қолдану және еліміздің ғылыми әлеуетін арттыру мақсатында плазма физикасы мен диагностикасы саласында біліктілігін арттыру, жаңа білім алу және тәжірибе алмасу болып табылады.