ЛИАНА ЭКСПЕРИМЕНТТІК СТЕНДІ
ЛИАНА стенді сутегі изотоптарының ядролық және термоядролық реакторлардың конструкциялық материалдарымен (ЯР және ТЯР) әртүрлі әдістермен (сутек өткізгіштігі (СӨ), газды абсорбциялау және термодесорбциялау (ТДС)) 20-дан 1023°С-қа дейінгі үлгі температураларында және сутегі изотоптарының 10 атм-ға дейінгі кіріс қысымдарында өзара әрекеттесу процестерін зерделеу бойынша эксперименттер жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ЛИАНА стенді ядролық энергияны оптикалық сәулелену энергиясына түрлендіруді зерттеу бойынша эксперименттерде қолданылады.
Стендтің техникалық сипаттамалары:
Зерттеудің температуралық аралығы………………………………………………………………………………20°С-ден 1023°С-ге дейін
Үлгінің кіру жағындағы сутегі изотоптары қысымдарының диапазоны……………………….102 Па-дан 106 Па-ға дейін
Өлшеу жолындағы сутегі изотоптары қысымдарының диапазоны…………………………….. 10-4 Па дан 10-7 Пa-ға дейін
Стендте жүргізілетін зерттеулердің негізгі бағыттары:
– нейтрондық сәулелену жағдайында ЯР және ТЯР конструкциялық материалдарымен сутегі изотоптарының өзара әрекеттесуін зерттеу;
– нейтрондық сәулелену жағдайында ядролық қоздырылатын плазманың спектрлік-люминесценттік сипаттамаларын зерттеу.